Мұсылман елі бесінші жыл қатарынан әлемдегі ең жомарт елдер рейтингінде көш бастап тұр
Мұсылман елі бесінші жыл қатарынан әлемдегі ең жомарт елдер рейтингінде көш бастап тұр
2 ай бұрын 1013 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ұлыбританияда орналасқан Charities Aid Foundation (Қайырымдылық көмек қоры) жыл сайын әлемнің 119 мемлекетінде қай елдің адамдары бейтаныс жандарға көмектесуге, қайырымдылық жобаларға ақша беруге, заттарымен бөлісуге немесе ерікті ретінде жұмыс істеуге дайын екенін білу үшін арнайы сауалнама жүргізеді және осы сауалнама нәтижесіне қарап World Giving Index индексін түзеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Coconuts Jakarta дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Биыл да атталмыш индекс бойыша рейтингтің басынан Индонезия көрінген, оңтүстік-шығыс Азияда орын тепкен аталған мемлекет осымен бесінші жыл қатарынан көш бастады. Бұл тараптағы сауалнамаға қатысқан ел тұрғындарының 68 пайызы жәрдемге мұқтаж жандарға материалдық көмек немесе еңбегімен көмектесуге дайын екендіктері туралы жауап берген. Зерттеуге сәйкес индонезиялықтардың шамамен 80 пайызы қайырымдылыққа ақша аударады, ал 60 пайызы қайырымдылық істерге уақытын бөліп, қолқабысын тигізетін болып шықты. Рейтингте тұрғындарының  61 пайызы қайырымдылық  іске тартылған Кения екінші орынға жайғасса, үшінші орынға азаматтарының 59 пайызы игі істерге немқұрайды қарамайтын АҚШ табан тіреген. Индонезияның фиоантроптар қауымдастығының атқарушы кеңесінің жетекшісі Ризал Алгамардың айтуынша, 231 млн мұсылман өмір сүретін Индонезияда жастар жақсы істердің бастамашысы болып,  игі жобаларға белсенді түрде атсалысып келеді. Жас мамандар қайырымдылыққа қаржы аударуды мейлінше жылдам, оңай және қауіпсіз ететін бағдарламаларды әзірлейді. Жекеменшік бизнес иелері меценат ретінде әрекет етуді әдетке айналдырған. Индонезия тек ел аумағында ғана емес, сонымен қатар, халықаралық деңгейде қайырымдылық істерімен көзге түскен ел. Зерттеуге сәйкес индонезиялықтардың жомарттығының көрсеткіші қайырымдылықпен айналысатын белсенділердің санымен ғана емес, сонымен бірге, 2021-22 жылдардағы пандемия мен экономикалық қиындықтарға қарамастан, қайырымдылық үшін жиналған ақшаның мөлшерімен де ерекшеленген.

0 пікір
Мұрағат