Сутегі энергиясы көміртек энергиясынан да қауіпті болып шықты
Сутегі энергиясы көміртек энергиясынан да қауіпті болып шықты
1 жыл бұрын 1064 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Атмосферада сутегі неғұрлым көп шоғырланса, онда метан соғұрлым көп жиналады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Phys.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Принстон университетінің, сондай-ақ, Ұлттық мұхит және атмосфералық қауымдастықтың ғалымдары сутегінің атмосферадағы маңызы мен мәнін анықтады, егер оның шоғырлану деңгейі жоғарыласа, климат дағдарысын тереңдетеді. Ғалымдардың пікірінше, атмосферадағы сутегі әдеттегідей метанмен емес, OH деп аталатын гидроксил радикалымен әрекеттеседі. Бұл реакциядан атмосферада сутегі жиналып, парниктік әсердің күшеюіне әкеледі, өйткені, метан көміртегіге қарағанда  әсері күшті парниктік газ және оның климатқа әсері алғашқы 20 жылда 80 еседен астам артады. Зерттеушілер сутегі болашақтың отыны (энергиясы) ретінде қарастырылатынын, алайда, оны өндіру зияны қазба отындардан асып түсетінін, сондай-ақ, көптеген экологиялық және технологиялық қиындықтарды тудыратынын атап өтті. Сутегі шикізат ретінде метанды пайдаланып өндірілген кезде қоршаған ортаға зиян келтіру қаупі арта түсетінін анықтады, сондықтан сутегі өндірісінен болатын залалды барынша азайтудың жолдары қарастырылуы тиіс, деп санайды. Ғалымдар гидроксил радикалының атмосферадан метан мен озон сияқты парниктік газдарды жоюда шешуші рөл атқаратынын және бұл заттың атмосферадағы мөлшері шектеулі екенін атап өтті. Атмосфераға бөлінетін сутегі мөлшерінің ұлғаюымен ондағы метан мөлшері де артады, бұл жайт өз кезегінде жаһандық жылыну қарқынын арттырады. «Егер сіз қазір атмосфераға сутегінің біразын шығарсаңыз, бұл келесі жылдары метанның күрт (үдеп) жиналуына әкеледі. Сутегі атмосферада екі жылдай ғана болатынына қарамастан 30 жылдан кейін сіз осы сутегінің метанымен байланысты кері әсерін көресіз», - деді бұл тараптағы зерттеуге атсалысқан Маттео Бертани есімді ғалым. Ғалымның айтуынша, ұзақ мерзімді перспективада (мысалы, бір ғасыр) сутегі экономикасына көшу ө кезегінде метан мен сутегінің атмосфераға жылыстауы (бөлінуі) жоғары болғанына қарамастан климат дағдарысын тежеуі мүмкін. Уақыт өте келе газдың атмосферадағы концентрациясы (шоғырлану деңгейі) жаңа тепе-теңдікке жетіп, адамзат сутегі экономикасына көшудің пайдасын көреді. Алайда, аталған межеге жеткенше бұл аралықта атмосфераға бөлінген сутегі экологияға орасан зор зардабын тигізеді әрі мұның әлеуметтік-экономикалық салдары ауыр болады. Бұған жол бермес үшін сутегінің атмосфераға жылыстауын бақылауға алу керек, алайда, мұндағы қиындық – сутегі титтей молекула болғандықтан оны өлшеу әрі бақылау өте қиын.

0 пікір
Мұрағат