Тәліптер әскер санын 200 мыңға дейін жеткізбек
Тәліптер әскер санын 200 мыңға дейін жеткізбек
1 жыл бұрын 978 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: latimes.com

Ауғанстанның билік басындағы тәліптер радикалды қозғалысы (Біріккен Ұлттар Ұйымының қарарымен террористік ұйым ретінде танылуына байланысты әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстан аумағында қызметі мен насихатына тыйым салынған – ред.) елдің қарулы күштер сапындағы сарбаздар санын екі жүз мың адамға дейін жеткізуді көздеп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Ауғанстан армиясының штаб бастығы Қары Фасихуддин Фитрат мәлімдемесіне жөн сілтеген ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Біз келесі жылы әскер санын 150 мыңнан 170 мыңға дейін ұлғайту және әскер санын біртіндеп 200 мыңға дейін көбеуті туралы шешім қабылдадық», - деді Қары Фасихуддин Фитрат. Қазіргі уақытта ауған қарулы күштер сапында 150 мыңға тарта адам бар. Сөз орайы келгенде ауғандардың қару-жарақ арсеналы негізінен АҚШ контингенті тастап кеткен әскери техникалардан тұратынын айта кету керек. Кей дерек бойынша 75 мың машина, соның ішінде 40 мыңдай танк, 2 мың бронетехника, 40 авиациялых техника бар.

0 пікір
Мұрағат