Сусамырдың алдын алудың ең қарпайым тәсілі айтылды – ол үшін диета ұстаудың қажеті жоқ
Сусамырдың алдын алудың ең қарпайым тәсілі айтылды – ол үшін диета ұстаудың қажеті жоқ
2 ай бұрын 346 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ауқымды метаталдау нәтижесі күніне төрт кесе шай ішетін адамның өзгелерге қарағанда екінші типті қант диабетіне шалдығу қатері төмен болады. Бұл жайында islam.kz порталы eurekalert.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2022 жылы Еуропалық қант диабетін зерттеу қауымдастығының (EASD) жыл сайынғы жиналысында ұсынылған зерттеуде ғалымдар 20-ға жуық тиісті зерттеулердің деректерін талдады. Оларға бір миллион ересек пациент қатысты. Сарапшылар шай тұтыну мен 1 типті сусамыр қаупінің төмендеуі арасындағы байланысты анықтады. Жылдар бойы шайдың жүрек-қантамыр жүйесін жақсартудан бастап қатерлі ісік ауруының қаупін азайтуға дейін денсаулыққа тигізетін пайдасы туралы зерттеулер жинақталды. Қазіргі уақытта ғалымдар шай ішу мен 1 типті қант диабетінің даму қаупі арасындағы байланысты анықтауға талпынып жатыр. Биологтар бұрыннан бар зерттеулерге екі бөлімнен тұратын шолу жүргізді. Бірінші кезеңде ғалымдар когорттық зерттеу жүргізді. Бұл тарапта 12 жыл бойы бақыланған 5000-нан астам ересектердің деректерін пайдаланды. Пациенттердің шамамен жартысы шай ішетінін хабарлаған. Алайда, бақылау кезеңінің соңында 1 типті қант диабетінің жиілігі шай ішетіндерде де, шай ішпейтіндерде де бірдей болды. Сондықтан зерттеудің екінші кезеңінде сарапшылар доза-реакция аспектісі аясында шайды тұтынудың қант диабетінің дамуына әсерін тексеріп көрді. 19 зерттеудің деректерін қарастырғаннан кейін сарапшылар 1 типті сусамыр қаупінің адамның шайды қаншалықты ішетініне байланысты төмендейтінін анықтады. Нәтижесі: күніне бір-үш кесе шай ішкен адамдардың қант диабетімен ауыру ықтималдығы 4%-ға аз болған. Ал күніне кемінде төрт кесе шай ішкендердің ауруға шалдығу қаупі 17%-ға төмендеген.

Көк шайдың аса қауіпті аурудың бетін қайтаратын қасиеті белгілі болды

Калифорния университетінің (АҚШ) ғалымдары Альцгеймер ауруынан зардап шегетін науқастың миындағы ақуыз агрегатын бұза алатын қосындыны тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Science Daily ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы табылған молекула негізінде аталмыш ауруға қарсы дәрі жасауға болады.  Альцгеймер ауруының ең басты екі қаруы бар - бета-амилоид и тау-ақуызы. Міне, осылар агрегатты қалыптастырып, нейрондарды жойылуына ықпал етеді. Дәлірегі, шайдан тау талшықтарын – тау ақуызының ұзын жіптерін бұзатын эпигаллокатехин галлатының (EGCG) молекулалары табылды. CNS-11 және CNS-17 деген екі басқа пайдалы молекула да табылды. Олар ұқсас түрде жұмыс істейді, алайда, ми тініне жақсырақ енеді.

Шайдың жүрекке әсері – зерттеу

Бұл бағыттағы ондаған зерттеу нәтижесі көрсеткендей, кәдімгі қара шай жүрек ауруларының қатерін көп төмендетеді. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы зерттеу барысында ғалымдар жеті жылдан астам уақыт бойы жүз мың қытай азаматының денсаулығы туралы деректерге талдау жасады. Нәтижесінде аптасына үш кеседен артық шай ішетіндердің инфарктқа шалдығу қаупі 20%-ға, ал жүрек ауруынан өлу қаупі 22%-ға төмен болады. 40 000-нан аса жапон тұрғындарына жүргізілген тағы бір зерттеу нәтижесі инфарктен немесе инсульттан өлу қаупі күніне бес кеседен көп жасыл шай ішетін адамдарда 26% төмен екенін көрсетті. Ғалымдар шайдың полифенолдары қабынуды азайтып, қан тамырларының ішін қаптайтын жасушалар қабаты - эндотелийдегі азот оксидінің белсенділігін арттыру арқылы артерияларды босаңсытуда маңызды рөл атқаратынын алға тартып отыр. Вазодилататор болып табылатын азот оксидінің арқасында эндотелий босаңсып, қан тамырлары кеңейеді және қан ағымы жақсарады. Шайдың негізгі ингредиенті - EGCG, ең күшті катехиндердің бірі. Атап айтқанда, жасыл шай полифенолдар мен катехиндерге бай, қабынуға қарсы қасиеттерімен танымал екі антиоксиданттық қосынды. Белгілі болғандай, EGCG семіздік пен қант диабетін тудыратын гендердің белсенділігін басады. Ғалымдар, сонымен қатар, катехиндердің қандағы зиянды холестерин мөлшерін азайту арқылы жүрек ауруы мен инсульт қаупін айтарлықтай төмендете алатынын анықтады. Сарапшылардың пікірінше, қара шай қандағы триглицеридтерді де төмендетеді және құрамындағы полифенолдардың арқасында пайдалы холестерин деңгейін арттырады.

Ұқсас материалдар:

«Шай өмірді ұзартады – зерттеу. Көк шайдың тағы бір емдік қасиеті белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/shai-omirdi-uzartady-zertteu-kok-shaidyn-tagy-bir-emdik-qasieti-belgili-boldy-17334/#gsc.tab=0);

«Көк шайдың ешкім күтпеген ерекшелігі белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/paidaly-kenester/kok-shaidyn-eshkim-kutpegen-ereksheligi-belgili-boldy-17080/#gsc.tab=0);

«Көк шайдың құрамындағы зат қатерлі ісіктің өз-өзін жоюына ықпал ететін болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/arturli/paidaly-kenester/kok-shaidyn-quramyndagy-zat-qaterli-isiktin-oz-ozin-joyuyna-yqpal-etetin-bolyp-shyqty-14828/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат