Судағы сутегімен жұмыс істейтін газ плитасы жасалды
Судағы сутегімен жұмыс істейтін газ плитасы жасалды
1 сағат бұрын 28 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Greenvize плитасы электролизердің көмегімен тазартылған судан сутегі шығарады. Газ бірден, сақтаусыз жағылады. 6 сағат жұмыс барысында құрылғы 100 мл су мен 1 кВт· сағ электр энергиясын тұтынады. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Greenvize үнді мұнай-газ компаниясы экологиялық таза қайнату панелін ұсынып отыр. Аталмыш компанияның мұндай технологияны Таяу Шығыс аймағындағы соғысқа байланысты орын алған энергетикалық дағдарысты еңсерудің титтей бір амалы ретінде ойлап табуға мәжбүр болған. Жеке блокта мембранасы бар электролизер орнатылған. Ол электр қуатының көмегімен таза суды сутекке айналдырады. Газ өндірілгеннен кейін бірден жанады - жүйе сақтауды қажет етпейтіндіктен жарылыс пен өрт қаупін болдырмайды. Сутегі өртеледі, ал ауаға тек су буы мен оттегі ғана бөлінеді. Өндіруші 100 мл су мен 1 кВт· сағ электр энергиясы 6 сағат үздіксіз жануға жететінін мәлімдеді. Кәдімгі индукциялық плита сол уақытта 12 кВт· сағ тұтынады. Бірегей құрылғы, әсіресе, энергиямен жабдықталмаған шалғай ауылдық аудандарда пайдалы. Онда электролизерді қуаттандыратын күн панелін орнатуға болады. Сондай-ақ, плитаны жоғары немесе төмен қысымдағы сутегі баллондарына қосуға болады. Бір конфорлы моделдің бағасы - 105 000 рупий (шамамен 1128 доллар. Бұл сома қосымша құн салығын қоспағандағы сома). Екі конфорлы нұсқа 150 000 рупий (шамамен1610 доллар) және қосымша қүн салығынан тұрады

 

0 пікір
Мұрағат