|
Cүттің қалдығынан таза су алудың жолы табылды
|
Солтүстік Кавказ федералды университетінің ғалымдары сүт қалдықтарынан таза су алу тәсілін ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Ресей ғылыми қорына (РНФ) жөн сілтеген ресейлік “Жаңалықтар”ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. сілтеме жасай отырып. Сүт өнімдерін өндіру барысында бастапқы шикізаттың тек 20% ғана пайдаланылады, қалған бөлігі жойылады. Бұл қалдықтар жүрек-қан тамыры жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететін судың және органикалық минералды заттардың, негізінен калидің мол болуымен ерекшеленеді. Ғалымдар әзірлеген жаңа технологияның арқасында сүт кәсіпорындары қалдықтар млшерін едәуір қысқартады, сумен жабдықтауда үнемдейді, сондай-ақ, натриді калиге ауыстыру есебінен құрамында аз мөлшерде натрий кездесетін жаңа қышқыл сүт өнімдерін шығара алады. Ұсынылатын әдіс минералды концентраттар мен органикалық қышқылдарды судан бөлу мақсатында суды сүзу жүйелерінде кеңінен таралған кері осмос технологиясын қолдануды ұйғарады. Мұндай процесс ерітіндіден таза су алуға және сүт қалдықтарынан қалған компоненттерді шоғырландыруға мүмкіндік береді. Зерттеушілердің айтуынша, осылайша алынған заттар айрандағы әдеттегі ас тұзының жартысын дерлік алмастырады, сөйтсе де бұл оның дәміне әсер етпейді, ал организм үшін пайдасы тек артады. Бұған дейін Солтүстік Кавказ федералды университеті (СКФУ) Мароккода «Жас көшбасшы мектебі» халықаралық білім беру жобасын іске қосқаны хабарланған болатын.