Стресс организмде холестериннің 80%-на дейін қалыптастырады
Стресс организмде холестериннің 80%-на дейін қалыптастырады
1 ай бұрын 722 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Адамдар әдетте организіміндегі холестерин деңгейін бақылауда ұстау үшін, дәлірегі, холестериннің деңгейі артып кетпесі үшін тек тұтынатын тағамына ғана мән береді. Алайда, холестерин деңгейінің көтерілуіне ең негізгі себепті назардан тыс қалдырады.Ол – стресс. Стресс – организмде холестериннің шектен тыс көбеюіне жол беретін себеп. Бұл жайында islam.kz порталы Олга Бокерия есімді ресейлік кардиологтың Тelegram әлеуметтік желісіндегі жазбасына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәрігердің сөзіне қарағанда, жалпы холестериннің 20%-ы ғана тағамнан сіңеді, қалған 80%ы дененің өзінде өндіріледі. Дұрыс тамақтану майға ұқсас заттардың деңгейін түзетеді,  аз мөлшерде. Бұл тарапта жүйке жүйесін бақылауда ұстаудың маңызы зор. Стресс кезінде организм холестеринмен өндірілетін кортизолды көбірек қажет етеді. Адам мазасыз күйде неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым ішкі жүйеге кортизол қажет болады. Психикалық стрестің жүрек-қан тамырлары ауруларын қоздыратыны да сондықтан

0 пікір
Мұрағат