Шулы бөлмеде естігісі келген дыбысты естіртетін роботтар құрастырылды (видео)
Шулы бөлмеде естігісі келген дыбысты естіртетін роботтар құрастырылды (видео)
10 ай бұрын 745 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Уашингтон университетінің ғалымдары шулы бөлменің түрлі бөліктерінің дыбысын құмықтырып өшіре алатын немесе бірнеше шағын аудио роботтардың арқасында бейберекет ортада қандай да бір сөйлесуді оқшаулай алатын құрылғы ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бірнеше қозғалатын дыбыс көздерін дәл анықтау және қадағалау үшін олар автоматты түрде тиісті немес қажетті жерге орналасады. Ғалымдар роботтардың конференц-залдардан тікелей трансляциялар үшін портативті, өздігінен орналасатын, дыбысты оқшаулайтын микрофон массиві ретінде жұмыс істей алатынын алға тартып отыр. Дегенмен, бұл жүйе екі жақты бейнеқоңырау үшін аса тиімді емес. Роботтар жақсы жұмыс істегенімен, қазіргі уақытта әрбір үш секундтық дыбысты өңдеуге шамамен 1,82 секунд кетеді. Аталған зерттеуге атсалысқан Малек Итани есімді ғалымның айтуынша, роботтар құпиялылықты қамтамасыз етуге көмектесуі мүмкін. «Мен: «Үстелімнің маңында ештеңе жазбаңдар» деп айта аламын, сонда біздің жүйе айналамда 3 фут [0,9 м] көпіршік қалыптастырады. Бұл көпіршікте ештеңе жазылмайды немесе екі топ бір-бірімен тілдескенде бір тобы өзара жеке сөйлесіп кетсе, ал екінші топ жазуға кіріссе, өзара әңгіменің бірі «үнсіз аймақта» болуы себепті құпия болып қалады.

Ұқсас материалдар:

«Шуды өткізбейтін акустикалық метаматериал жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/shudy-otkizbeitin-akustikalyq-metamaterial-jasaldy-video-13033/#gsc.tab=0);

«Шуды басатын, дыбысты құмықтыратын технология пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/shudy-basatyn-dybysty-qumyqtyratyn-tehnologiya-paida-boldy-video-18909/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат