Шуды өткізбейтін акустикалық метаматериал жасалды (видео)
Шуды өткізбейтін акустикалық метаматериал жасалды (видео)
4 жыл бұрын 2869 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бұл жаңалық ең алдымен көлік жүргізушілеріне пайдалы болайын деп тұр. Жолаушыларға да тиімді. Сыртқы ортаның және автокөлік моторының шуынан қорғап қоймай, көлік жүргізушіні жол үстіндегі алаңдататын дыбыстық факторлардың әсерін кемітеді. Осылайша апаттық жағдайдың алдын алады. Әлемге әйгілі Nissan компаниясының Лас-Вегас қаласында жыл сайын өтетін CES 2020 көрмесінде жұрттың назарына ұсынған бұл инновациялық жаңалығы – акустикалық метаматериал шуды өткізбеу үшін күнеделікті қолданып жүрген әдеттегі резеңкеге қарағанда жеңіл келеді. Пластикалық пленкасы мен комбинациялық құрылымы шуды 500-ден 1200 Гц диапозонында шектей алады. Яғни, жолдағы шу мен қозғалтқыштан шыққан шуды құмықтыра алады. Шуды қатты шығаратынына қарамастан аталған акустикалық метаматериалдың шуды өткізбейтін ерекшелігіне байланысты қозғалтқыштың қуатын арттыруға әрі автокөліктің өзге де техникалық параметрлерін жақсартуға болады. Nissan компаниясының өкілдері аталмыш технологияны 2008 жылдан бері қолға алып келеді. Алайда, аталған материалдың қашан жаппай шығарылып, ең алдымен қандай автокөлікке пайдаланатынын айтпады.

 

0 пікір
Мұрағат