Шариғатқа сай «махаббат лагері» ашылды
Шариғатқа сай «махаббат лагері» ашылды
6 жыл бұрын 5375 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Малайзияда жанын жүдеткен жалғыздықтан мұсылман жесір әйел елді елең еткізген, әсіресе, сүр бойдақтар мен оң жақта отырып қалғандарды ерекше қызықтырған, шариғат талаптарына толық жауап беретін жобаны қолға алды. Ол – «Махаббат лагері» деп аталады. Нұр Дайя Абдулла есімді 40 жастағы әйел аталған лагер арқылы өмірлік сыңарын таппай жүргендерге осылайша көмектескісі келетінін жеткізді. «Жалғыз болудың қандай екенін жақсы түсінемін, күйеуім бір жыл бұрын қаза тапқан, арамызда бала да болмады»,- деп мұңын шақты ол. Бұл жайында Straits Times ақпарат көзі хабар таратты. Ол өмірлік серігін іздеген мұсылмандарды табыстыратын танысу сайтына тіркелуін тіркелгенімен, алдынан ұдайы әйелі бар жігіттер шыға берген соң осындай жобаны қолға алғанын сыр ғып ағытты. Айта кетейік, лагерге келгендер алдымен өзін-өзі жетілдіру және психологиялық кембағалдық пен қорыну (комплекс) сезімінен арылуға көмектесетін арнайы дәрістен өтеді. Қатысушылар тек курстан өтіп қоймай бір*-бірімен танысып, ьілдесуге мүмкіндік алады. Әлбетте, бәрі шариғат шеңберінде жүзеге асырылады әрі қадағаланады.

0 пікір
Мұрағат