Мұхаммед есімділер алалауға ұшырап жатыр
Мұхаммед есімділер алалауға ұшырап жатыр
6 жыл бұрын 3220 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Англияда Мұхаммед есімді автокөлік қожайындары ныспыларына бола нәсілдік кемсітушілікке ұшырап жатыр. Аталған елдің сақтандыру компаниялары автокөлік иелерінің есіміне қарай полис құнын дифференциялауды енгізген болатын. Алайда, жоғары тариф тек Мұхаммед есімділерге ғана қолданылатыны белгілі болып отыр. Айта кетейік, фирмасына қарай келісім-шарт 150-900 фунт-стерлингке дейін қымбаттауы мүмкін. Бұл жайт белгісіз күйінде қалар ма еді, егер бірнеше автокөлік иесі өзінің есімін атаған сәтте тарифтің көтеріліп кететініне шағымданбағанда. Олардың айтуынша, полис бағасы бірден жүздеген фунтқа шарықтап кеткен. Алайда, сақтандырушылардың өздері дискриминация фактсіні теріске шығарып отыр. Бұл жайында The Sun ақпарат көзі хабар таратты. Аталған ақпарат көзінің 60 фирманың бағаларын салыстыра келе келтірген дерегіне қарағанда, Мұхаммед есімді автокөлік иелері шағымдарының растығына көз жеткізген. Ең үлкен айырмашылық Admiral сақтандыру компаниясынан байқалған. 2007 жылы шыққан Ford Focus каскосының құны Джон Смит үшін 1333 фунт болса, Мұхаммед есімдіге 2252 фунт белгіленген. Тағы бір айта кететіні, аталған елде Мұхаммед есімі, міне, бірнеше жылдан бері ең танымал есімдердің бірі.

0 пікір
Мұрағат