Сарапшы жасанды зердеге неге құлай сенудің қажеті жоғын айтты
Сарапшы жасанды зердеге неге құлай сенудің қажеті жоғын айтты
6 ай бұрын 885 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Адам өмірінде кеңінен қолданыла бастаған жасанды зерденің сол адам өмірін мейлінше жеңілдететіні айтылғанымен мұндай технологияға көзсіз сене берудің қауіпті екенін алға тартады сарапшылар. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Еуропалық одақ құрамындағы елдер аталмыш технологияны қолдану салаларына қатысты шектеу қоятын ережелер қабылдап жатыр. Сақтық үшін. MakeUseOf веб-сайты жасанды зерденің АІ саласына көзсіз сенуге болмайтынын мынадай дәйектерімен берген екен.

Бірінші аспекті – жасанды зерде өзінің шектеулі екенін мойындамай, ақылға қонымды көрінгенімен әрқашан шынайылықтан қашық жауаптар тудыруы мүмкін.

Екінші аспект бойынша AI фактілерді және ақпаратты бұрмалай алады, бұл жайт өз кезегінде адамды қате қорытынды шығарып, ағат шешім қабылдауға итермелеуі мүмкін. Бұған мысал ретінде Microsoft корпорациясының Bing Chat бағдарламасының «Аватар» фильмінің көрсетілу уақыты туралы ақпарат беруден бас тартуын келтіруге болады.

Үшінші аспект киберқарақшылардың AI-ды өз мүддесіне теріс пайдаланып, оң-терісін ажырату мүмкін емес жалған ақпараттарды таратуы мүмкін.

Төртінші аспект AI адамның пайымдауы мен түйсігіне, әсіресе, күрделі жағдайларды бағалаудағы немесе субъективті қалауына негізделген шешімді қабылдауды қажет ететін жағдайларда бәрібір алмастыра алмайды.

Осы аспектілердің барлығы өмірдің түрлі салаларында жасанды зердені қолдануда сақтық пен сыни көзқарас қажеттігін, сондай-ақ, оны пайдаланудың ықтимал қауіптерінен қорғаудың тиімді шараларын әзірлеу қажеттілігін көрсетеді.

Ұқсас материалдар:

«Екі жасанды зерде бір-бірімен тілдесуді үйренді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/eki-jasandy-zerde-bir-birimen-tildesudi-uirendi-20073/#gsc.tab=0);

«Ұжымдық жасанды зерде пайда болады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ujymdyq-jasandy-zerde-paida-bolady-20123/#gsc.tab=0);

«Жасанды зерде «сөйлемес» бұрын алдымен ойланатын деңгейге жетті» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-zerde-soilemes-buryn-aldymen-oilanatyn-dengeige-jetti-20021/#gsc.tab=0);

«Санаулы жылдан соң ойлау қабілеті адамнан кем түспейтін супер жасанды зерде пайда болады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sanauly-jyldan-son-oilau-qabileti-adamnan-kem-tuspeitin-super-jasandy-zerde-paida-bolady-19971/#gsc.tab=0);

«Жасанды зерде адамды даусынан қандай көңіл күйде екенін анықтай алатын деңгейге жетті» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-zerde-adamdy-dausynan-qandai-konil-kuide-ekenin-anyqtai-alatyn-dengeige-jetti-20042/#gsc.tab=0);

«Жасанды зерде де манипуляцияға бейім болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jasandy-zerde-de-manipulyatsiyaga-beiim-bolyp-shyqty-19448/#gsc.tab=0);

«Жасанды зерде адамзатқа жасанды зерденің қауіпті екенін өзі ескертті» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-zerde-adamzatqa-jasandy-zerdenin-qauipti-ekenin-ozi-eskertti-16172/#gsc.tab=0);

«Cарапшы жасанды зердеден келетін негізгі қауіп-қатерді атады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/carapshy-jasandy-zerdeden-keletin-negizgi-qauip-qaterdi-atady-15773/#gsc.tab=0);

«Жасанды зерденің қолданылу аясына шектеу енгізіліп, кей салаларда пайдаланылуына толық тыйым салады» (https://islam.kz/kk/news/alem/jasandy-zerdenin-qoldanylu-ayasyna-shekteu-engizilip-kei-salalarda-paidalanyluyna-tolyq-tyiym-salady-15145/#gsc.tab=0);

«Адамды өлтіретінін немесе тірі қалдыратынын өзі шешетін жасанды интеллекті жасауға тапсырыс берді» (https://islam.kz/kk/news/alem/adamdy-oltiretinin-nemese-tiri-qaldyratynyn-ozi-sheshetin-jasandy-intellekti-jasauga-tapsyrys-berdi-11280/#gsc.tab=0);

«Жасанды интеллекті және гомеостаз» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-intellekti-jane-gomeostaz-12777/#gsc.tab=0);

«Жасанды интеллекті «эволюциясы»: иіс сезетін чип жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-intellekti-evolyutsiyasy-iis-sezetin-chip-jasaldy-13370/#gsc.tab=0);

«Жасанды интеллекті адамды алмастыратын күн жақын» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jasandy-intellekti-adamdy-almastyratyn-kun-jaqyn-9972/#gsc.tab=0);

«Жасанды зерде жаһандық проблеманы тереңдетеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/jasandy-zerde-jahandyq-problemany-terendetedi-19710/#gsc.tab=0)

 

0 пікір
Мұрағат