Сарапшы ғарышта соғыстың қалай өрбитінін сипаттап берді
Сарапшы ғарышта соғыстың қалай өрбитінін сипаттап берді
4 жыл бұрын 2011 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Өздеріңіз білетіндей, соңғы жылдары жаңа технологиялық мүмкіндіктердің көмегімен ғарышты бағындыру, игеру қарқын алып келеді. Ғарыш әлем елдерінің технологиялық, саяси эәне экономикалық бәсекеге қабілеттілігін айқындап беретін факторға айналып келеді. Тіпті, ғарыштан табиғатта сирек кездесетін металдыр мен минералдарды өндіру туралы бастамалар көтеріліп жатыр. Осыған байланысты экономикалық әлеуеті жоғары елдер ғарыштық держава атану үшін қаржылық ресурсын үйіп-төгіп жатыр. Ғарыштағы өз үлесінен қағылмауы үшін. Осы мақсатта ғарыштағы өз мүддесін қорғау үшін ғарыштық күштерін қалыптастыру қамында алғашқы қадамдар жасалуда. Сарапшылар ғарышта да ресурс үшін талас-тартыс пен қақтығыстың болу мүмкіндігін жоққa шығармайды. Десе де ғарыштағы соғыс жер бетіндегі немесе майдан даласында ұрысқа ұқсамайды. Голливудтық бластер секілді (мысалы, «Жұлдызды соғыс, т.б.) қым-қиғаш арпалыс пен атыс-шабыс емес, керісінше жердегі соғысқа қарағанда баяу әрі «іш пыстырарлық» қарқында жүреді. Өйткені, ғарыш жер беті емес, тау-тасты қалқалайтын немесе артынан қосымша күш келетін. Aerospace Corporation жарияланған есепті баяндамада келтірілген мәліметке қарағанда, жер бетіндегіндей белгілі бір аумақ немесе территория үшін жан берісіп, жан алысатын қиян-кескі шайқас болмайды. Спутниктер бір орнында тұрмайды: қандай да бір ғарыш кеңістігіне бақылау орнату үшін жаудың жер серігін жоюмен пара-пар әрекет болар еді. Ғарыш кеңістігінде шекара жоқ, белгілі бір кеңістік үшін мұндай қатерлі қадамға бармайды. Оның үстіне, спутниктер жойғыш ұшақтар секілді шапшаң емес, траекториясын өзгертіп, маневр жасай алмайды, ебедейсіз. Жақын болашақта ғарышта спутникті қорғау үшін кинетикалық қарумен жабдықталған спутниктерді ұшырыла қоймайды. Аталмыш баяндама авторлары ең ықтимал сценариге екі спутниктің тікелей қақтығысын жатқызып жүр. Тіпті, оның өзінде аса сақтық танытуға тура келеді – орбитада жойылған спутник аса қауіпті ғарыш қоқысын қалыптастыруы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат