|
Риода қайтыс болған неміс бапкерінің ағзалары 4 адамның өмірін сақтап қалуға септігін тигізді
|
Бапкердің жүрегі, бауыры, екі бүйрегі донор күтіп жатқан төрт науқасқа салынды. Ота сәтті аяқталып, төрт адамның өмірі сақталды. Ханце жұма күні Рио-де-Жанерода жол көлік оқиғасына тап болып, басынан қатты жарақаттанған болатын.
Неміс су спорты құрамасының бапкері Штефан Хенце Рио-де-Жанеродағы Олимпиада ойындары кезінде қайтыс болып, төрт науқастың өмірін сақтап қалды,- деп жазды РИА Жаңалықтары.
35 жастағы бапкер жол апатына ұшырағаннан кейін бірден жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. Оның басына сол сәтте-ақ ота жасалған. Бірақ, дүйсенбі күні бапкер қайтыс болып кеткен. Хенценің жанында отбасы мүшелері болған.
Хенценің өзі каноэ-екіліктен 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанған еді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еліміздегі сақтандыру компанияларына «ислам терезесін» ашуға рұқсат берілуі мүмкін
■
Қытай әскерін адам тәрізді роботтармен толықтырады
■
Пластикті тыңайтқышқа айналдыру жолы табылды
■
Араб елі басқа отын тасымалдаудың нұсқасы болмаса да Үрміз бұғазын айналып өтетін жобадан бас тартты. Неге?
■
Күллі әлемде мұнай кені сирек табылатын болды