Құран оқылса су ағатын жартас бұлағы адамдарды тәнті етті (видео)
Құран оқылса су ағатын жартас бұлағы адамдарды тәнті етті (видео)
8 жыл бұрын 7532 Stan.kz

Желі қолданушысы әлеуметтік желіде ерекше бейнежазба жариялады. Тау жартастарының арасында түсірілген видеода аталмыш аумақтан қасиетті Құран оқылса су ағатыны айтылады. Артынша видеоны түсіріп тұрған куәгер құран оқи бастайды. Біраз уақыт оқығаннан кейін, расында жартас арасынан жарып шыққан бұлақ суы сарқырай аға жөнеледі. Пікір қалдырушылар Алланың құдіретіне тамсанып, Жаратушының шеберлігіне шек келтірмеу керектігін жарыса жазған.

4 пікір
  • Ия Аллаһ ұлық. Бұл "Жылаған Ата" Қаратауда орналасқан... Шынында да Алланың құдыретінде шек жоқ... Алхамдулиллях... Айтпақшы бір жолы Түркістан арқылы бара аласыз
    8 жыл бұрын
  • Үлкен аңыз бар бұл мекен туралы
    8 жыл бұрын
  • Ертеректе Қарт Қаратаудың баурайын мекен еткен бір кісі жалғыз перзентке зар болыпты. Ертелі-кеш Аллаға дұға қылып, жалынып-жалбарынып бала сұрайды. Сонда әлгі кісі «Бір нәрсе бере гөр, бір нәрсе берсең болды!» дей береді екен.

    Әдетте адам баласы Жаратқаннан сәби тілегенде «Мейірімді, саналы, ақылды бала нәсіп ет!» деп тілеу қажет дейді көзкөргендер...

    Күндердің күнінде Алла оның тілегін қабыл етіп, жұбайының құрсағына бала бітеді. Бірнеше жылдан кейін бала сүю бақытына ие болған олар, сәбидің дүниеге келуін тағатсыздана күтеді. Әрбір күнді тізбектеумен болады. Осылай сарғая күткен уақыт та жетті. Сөйткенде, толғағы қысқан жұбайы дөп-дөңгелек мес (қарын) босанады. Аң-таң болған олар тезарада молда шақыртады. Сонда молда «Бұл тегіннен тегін емес, Алланың сынағы болса керек. Жұбайың месті етегіне салып, қырық бір күнге дейін шыдамдылық танытып, түсірмей жүруі абзал» деп өз жөнімен кете береді. Бірақ әйел баласы төзімсіз келеді емес пе? Қырық күн толғанда тағаты таусылған ана, жолдасына қарап «Қашанғы месті көтеріп жүремін» деп етегін жазып жібереді. Сайдан сырғи түскен доптай, әлгі мес домалап жерге құлап, ортасынан қақ айырылады. Ішінен қолында аса таяғы бар кішкентай бала ытқып шығып, «Ата-анам, қырқына шыдап, қырық біріне шыдамадын ба?» деп тауға қарай қаша жөнеледі. Артынан ата-анасы да қалыс қалмайды. Бала желаяқтай жеткізер емес. Таудың етегіне жақындай түскенде артына бұрылып қараса, ебіл-дебілі шыққан ата-анасын көреді. Шөл қысқан болар деп, аяушылық танытып, шар тәріздес дөңгелек тау тасын аса таяғымен түртіп қалады. Құдіреттің күшін қараңыз! Тастың дәл ортасы шытынап, үгіліп түседі. Сөйтіп бір қауға шелек өтетіндей құдық пайда болады. Ішінен мөлдіреп су шығады. Содан бала жалаң аяқ құдықты айналшықтап, аса таяғымен айналасын түртіп, біршама жер қашықтықта қалған ата-анасын күтіп тұрады. Ахілеп-ухілеп жетуге тақап қалғанда, қайтадан тұра қашады (құдықтың айналасында баланың кішкентай іздері мен аса таяғының орны тайға таңба басқандай өрнектеліп қалған). Бұл жолы бала таудың биік шыңына қарай өрмелеп, бейтаныс бір үңірге біржолата еніп кетеді. Жалғыз перзентінен қол үзген ата-анасы егіле жылап қала берді. Міне, содан бері бұл жер (үңгір) «Жылаған ата» деп аталып кеткен.
    8 жыл бұрын
  • Координаттар
    Жылаған ата үңгірі, Жылаған ата бұлағы – Қаратау жотасының Жылаған ата шатқалында, Абай елді мекенінен солтүстікке қарай Жылаған ата өзені бойында орналасқан үңгір.


    Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан қаласынан 80 км-дей жерде. Үңгір аузының биіктігі 3 – 4 м, ені 8 – 9 м, тереңдігі 50 – 60 м шамасында. Ол бір кездері тау жартастарының құлауынан пайда болған. Шатқалдан төмен түскенде өзеннің сол жағалауында биіктігі 10 – 12 м жартаста диаметрі 15 – 18 см болатын қуыс көрінеді. Осы қуыстан оқтын-оқтын су атқылап тұрады.
    8 жыл бұрын
Мұрағат