Психопаттардың саны белгілі болды
Психопаттардың саны белгілі болды
3 жыл бұрын 1705 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Метаанализ нәтижесі көрсеткендей, психопаттық мінез көрінісі әлемдегі ересек тұрғындардың 4,5 пайызында кездеседі, көбінесе – компания жетекшілерінен, заңгерлерден және тұтқындардан көрініс тапқан. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Frontiers in Psychology мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өзге адамның жай-күйіне салғырттық пен немқұрайдылық таныту, яғни, басқа адамға эмпатия қабілетінің төмендеуі өз кезегінде психопатиялық жеке мінез көріністерінің қалыптасуына ықпал етеді: эгоцентристік көзқарас, жалған сөйлеу, менмендік, манипуляция бейім тұру (яғни, өзге адамды өз мүддесіне пайдаланып қалу), эмоциясының ұтаң тартуы түрінде көрініс таппақ. Әдетте мұндай мінез көріністері қылаң берген адамдардың дені қылмысқа барып жатады немесе белгілі бір салада жетістікке қол жеткізіп жатады. Испан психологтері қоғамдағы, түрме қабырғасындағы, түрлі кәсіптердегі психопаттар туралы қолда бар деректерге метаанализ жүргізген екен. Мадрид қаласындағыКомплутенса университетінен Мария Гарсиа-Вера (María García-Vera) мен оның әріптестері PsycInfo, MEDLINE және PSICODOC базаларынан тақырып бойынша мәліметтерді іздестіре жүріп, бұл тарапта 11,5 мың адам зерттеуге тартылған 15 тиісті мақаланы тапты. Регрессиялық анализ психопатикалық мінез көрінісінің жиілігіне түрлі факторлардың, атап айтқанда, қызметі, жынысы, тұрғылықты елі, т.б. тигізген әсеріне терең үңілуге мүмкіндік берді. Психопаттардың әлемдегі қарасы ересек тұрғындардың шамамен 4,5 пайызын құрайтыны анықталды – психопаттар ер адамдар жиі кездесетін болып шықты (7,9 пайыз), ал әйелдер арасында бұл көрсеткіш 2,9 пайыздан аспаған. Психопаттар менеджерлер мен маркетологтар арасында 12,9 пайызды құраса, студенттер – 8,1 пайыз. Бұдан бөлек, хирургтер, теле-жүргізушілер, компания директорлары, заңгерлер, тұтқындар арасында да психопаттар жиі кездескен. Десе де нақты көрсеткіш психопатты анықтаудың әдіс-тәсіліне байланысты, соның ішінде, психоптатты бағалау парағының (Psychopathy Checklist Revised, PCL-R)  соңғы нұсқасы бойынша әлемнің ересек тұрғындарының арасында бұл көрсеткіш бар-жоғы 1,2 пайыздан аспаған. 

0 пікір
Мұрағат