Психологтар қандай адамдардың ерте қартаятынын айтты
Психологтар қандай адамдардың ерте қартаятынын айтты
12 ай бұрын 916 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тағы Дьюк университетінің ғалымдары әлеуметтен жырақ жүргенді қалайтын адамдардың тез қартаятынын анықтады. Мұндай адамдар 45 жасқа жеткенде құрдастарына қарағанда, орташа есеппен биологиялық тұрғыдан 4,3 жас үлкен болады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған International Journal of Environmental Research and Public Health мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бұл тарапта Жаңа Зеландияда 1972 жылдың сәуірі мен 1973 жылдың наурыз айлары аралығында дүниеге келген 1037 зерттеу деректерін талдады. Олар бірнеше рет медициналық-психологиялық тексеруден өтті: бірінші рет 3 жаста және соңғы рет 45 жаста. Әдетте әлеуметке жаны қас адамдар санатына әлеуметтік нормаларды жиі бұзатын, дәлірегі, өзгелердің құқығын елемейтін, жанашырлық сезімінен ада адамдарды жатқызады. Көбінесе әлеуметке қарсы адамдар ұрлық жасаумен, зорлық-зомбылық көрсетумен, адамды пайдаланудың түрлі айла-шарғыларымен көзге түседі.

0 пікір
Мұрағат