Адамзаттың жұмыс істеу уақыты қысқарып келеді
Адамзаттың жұмыс істеу уақыты қысқарып келеді
12 ай бұрын 825 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Claudia Morales / Reuters

2023 жылдың қорытындысы бойынша күллі әлемде орташа есеппен адамзат 37 минутқа аз жмыс істейтін болыпты. Дәлірегі, жұмыс күнінің ұзақтығы 10,5 сағаттан 10 сағатқа дейін қысқарған. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде ActivTrak талдау компаниясының арнайы зерттеу нәтижесіне жөн сілтеген lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы зерттеу барысында денсаулық сақтау, сақтандыру, қаржылық қызмет, т.б. секілді салалардағы әлемнің әр түкпіріндегі 911 компанияның 134 мыңнан аса қызметкердің жалпы саны 38 млн сағат жұмыс сағатына талдау жүргізілген екен. Жұмыс күнінің уақыты жұмыс аяғына таманғы уақыт есебінен қысқарған. Алайда, соның өзінде қызметкерлердің психологиялық жай-күйі айтарлықтай жақсарған. Жылдық мәнге шаққанда қызметкерлердің стресс алу және шаршаудан болатын симптомдары 13 пайызға кеміген. Десе де жұмысбастылықтан зардап шегетіндер үлесі 28 пайызды құрап отыр. Осынша көрсеткішке қарамастан адамдардың еңбек өнімділігі сол күйі өзгеріссіз қалған – күніне шаққанда еңбек өнімділігі соңғы жылдары орташа есеппен 7,2 сағаттан аспай отыр. Әлбетте, адамдардың жұмыс уақытын қысқарту арқылы еңбек өнімділігін арттыру үшін бірқатар шаралар атқарылып жатыр. Соның ішінде жұмыс аптасын 4 күнмен шектеу шарасын жатқызуға болады.

0 пікір
Мұрағат