Пластиктің жүрекке әсері анықталды
Пластиктің жүрекке әсері анықталды
3 жыл бұрын 1621 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Калифорния университетінің ғалымдары пластик құрамындағы А бисфенол мен фталатты пластификатордың жүрек-қан тамыр ауруларын тудыру қатері барын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Environmental Health Perspectives мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта зертханадағы тышқандарға арнайы тәжірибе жүргізілген екен, нәтижесінде фталат деп аталатын, пластиктің беріктігін арттыру үшін пайдаланылатын химиялық заттың қан плазмасындағы холестерин деңгейін көтеретіні белгілі болды. Бұлай болатын себебі, дициклогексилфталат (DCHP) деп аталатын осынау химикаттардың бірі Х-прегнан (PXR) рецепторымен тығыз байланысады. Нәтижесінде холестеринді сүзгіден өткізетін әрі тасымалдайтын негізгі ақуыздар экспрессиясын күшейтеді. Ғалымдар тышқанның ішегінен, сондай-ақ, дициклогексилфталаттың әсеріне көп ұшыраған церамидтерді (адамның жүрек-қан тамыр аурулары қатерін арттыратын липидті молекула) тапты.

Ұқсас материалдар:       

«Микропластик миға да енуі мүмкін – зерттеу» (https://islam.kz/kk/news/arturli/mikroplastik-miga-da-enui-mumkin-zertteu-16096/#gsc.tab=0);

«Микропластиктен аса қауіпті бактерия табылып жа»ыр" (https://islam.kz/kk/news/gylym/mikroplastikten-asa-qauipti-bakteriya-tabylyp-jatyr-15524/#gsc.tab=0);

«Микропластик супер бактерияларға қалай көмектеседі?» (https://islam.kz/kk/news/gylym/mikroplastik-super-bakteriyalarga-qalai-komektesedi-15210/#gsc.tab=0);

«Микропластик бактерияның төзімділігін 30 есе арттырады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/mikroplastik-bakteriyanyn-tozimdiligin-30-ese-arttyrady-15015/#gsc.tab=0);

"Микропластиктің далаға қарағанда үйде шоғырлану деңгейі жоғары болып шықты" (https://islam.kz/kk/news/arturli/mikroplastiktin-dalaga-qaraganda-uide-shogyrlanu-dengeii-jogary-bolyp-shyqty-15375/#gsc.tab=0);

«Микропластик адам организімінен де табылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/mikroplastik-adam-organiziminen-de-tabyldy-14000/#gsc.tab=0);

«Біз тұтынып жүрген азық-түлікке микропластиктің қалай енетінін білгіңіз келе ме» (https://islam.kz/kk/news/gylym/biz-tutynyp-jurgen-azyq-tulikke-mikroplastiktin-qalai-enetinin-bilginiz-kele-me-13863/#gsc.tab=0);

«Топырақта тіршілік ететін организмдерге микропластиктің әсері» (https://islam.kz/kk/news/gylym/topyraqta-tirshilik-etetin-organizmderge-mikroplastiktin-aseri-14080/#gsc.tab=0);

«Қоршаған ортада ұзағырақ жатып қалған микропластиктің қандай қауіп төндіретіні айтылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/qorshagan-ortada-uzagyraq-jatyp-qalgan-mikroplastiktin-qandai-qauip-tondiretini-aityldy-14521/#gsc.tab=0);

«Өсімдіктер де пластикпен «қоректенетін» болып шықты» (http://islam.kz/kk/news/arturli/osimdikter-de-plastikpen-qorektenetin-bolyp-shyqty-13766/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат