Парникті газдарды аулайтын кеуекті материал жасалды
Парникті газдарды аулайтын кеуекті материал жасалды
15 күн бұрын 406 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Хериот-Ватт университетінің (Шотландия), Ливерпул университетінің, Лондонның Императорлық колледжінің, Саутгемптон университетінің және Шығыс Қытай ғылым және технология жоғарғы оқу орнының ғалымдар тобынан жасақталған халықаралық зерттеушілер парникті газдарды тиімді аулай алатын жаңа материал ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы ecopravda.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Компьютерлік моделдеу әдісін қолдана отырып, ғалымдар жасушалар тәрізді арнайы молекулалардан тұратын кеуекті материал жасады. Бұл жасушалар бір-бірімен байланысып, «жасуша ішіндегі жасуша» деп аталатын күрделі құрылымды түзеді. Марк Литтл есімді аталмыш жоба жетекшісі жаңа материалдың көмірқышқыл газы мен күкірт гексафториді сияқты парникті газдарды молынан сыйдыра алатынын атап өтті. Осы орайда күкірт гексафторидінің мыңдаған жылдар бойы атмосферада қалатын зиянды зат екенін айта кетпекпіз. Ол, тіпті, СО2 (көмірқышқыл газына) қарағанда климат үшін қауіпті. Ғалымдар әзірленген материал парникті газдарды аулауға және сақтауға мүмкіндік беретін, климаттың өзгеруіне қарсы күресте маңызды құрал болатынын мәлімдеді, бұл жаңалық з кеззегінде парникті газдардың қоршаған ортаға теріс әсерін бәсеңдетуге көмектеседі. Сонымен қатар, мамандар оны ауаны зиянды, ұшпалы органикалық қосылыстардан тазарту үшін және медицина саласында қолдануға болады, деп санайды.

0 пікір
Мұрағат