Түркиядағы туризм: алғашқы үштік құрамына енген елдер аталды
Түркиядағы туризм: алғашқы үштік құрамына енген елдер аталды
15 күн бұрын 382 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Демалыс уақытын Түркияда өткізгісі келетін туристер қарасы бойынша көш бастаған елдер рейтингісі түзілді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Түркияның мәдениет және туризм министрлігі келтірген дерекке жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бірнеше жыл бойы Түркиядағы туристер саны жағынан ресейліктер көш бастап келген еді. Түркияға жолдаманың қымбаттауына байланысты алғаш рет олардың қарасы айтарлықтай азайып, бірінші орынға ирандықтар, ал үшінші орынға немістер шыққан. Дәлірегі, аталған елге баратын ресейлік туристердің қарасы осы жылдың алғашқы тоқсанында өткен жылғы осы тараптағы көрсеткішпен салыстырғанда 11,7%-ға төмендеп кеткен. Керісінше ирандықтардың саны 58,5%-ға, ал неміс туристерінің қарасы 36,3%-ңа артқан.

0 пікір
Мұрағат