Рамазанға қатысты дәрігерлер кеңесі
Рамазанға қатысты дәрігерлер кеңесі
8 жыл бұрын 5018

Қасиетті Рамазан айының келуіне байланысты дәрігерлер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңес беруде. Ораза айында ауыз бекіткендер қиналып қалмасы үшін. Солардың бірсыпырасына тоқтала кеткенді жөн көрдік. 

  1. Аптап орнағанда күн астында ұзақ уақыт болмау. Күн астында ұзақ жүруге тура келсе, күнқағар кию;
  2. Синтетикалық матадан тігілген тар киімдерді кимеу, оның орнына қимыл-қозғалысқа кедергі келтірмейтін кең-мол пішілген, жүннен немесе мақтадан жасалаған матадан тігілген киімдерді кию;
  3. Сәресінде шайды қоюлап ішуге болмайды және кофені де ішпеуге кеңес береді, өйткені, сусынның бұл түрлері тез шөлдетеді. 
  4. Ащы және тұздалған тағамдардан бас тарту.
  5. Күніне 2-3 мәрте салқын суға шомылу лажы болса;
  6. Ас алдында 1-2 стакан салқын, таза су ішу. Ауқаттанып болған соң тағы су ішкен артық болмайды немесе көк шай ішіңіз;
  7. Сіңімді әрі жеңіл тағамдарды тұтыныңыз, мәселен, жеміс-жидек, көкөніс, сүт өнімдері, жаңғақ, т.б.

Ұстаған оразаңыз қабыл болсын!

1 пікір
Мұрағат