Өрмекші гені енгізілген жібек құрттары жіпті сауыт материалынан алты есе берік етіп тоқиды
Өрмекші гені енгізілген жібек құрттары жіпті сауыт материалынан алты есе берік етіп тоқиды
10 ай бұрын 1937 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытай генетиктері жібек құрттарын өрмекші бөлетін немесе өрмекшіге тән жіпті істеп шығаратындай етіп генін түрлендірді. Аталған жәндіктен алынған талшық сауыт құрышында пайдаланылатын материалдан (кевлардан) алты есе берік болып шықты. Бұл технология нейлон секілді синтетикалық, коммерциялық талшықтарға балама бола алатын экологиялық жағынан таза өнім алуға мүмкіндік береді. Бұл жайында islam.kz порталы cell.com мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жібек құрттары өрмекші торын есуі үшін зерттеушілер олардың ДНҚ-сына өрмекшінің жібек ақуызының гендерін енгізді. Ғалымдар бұл тарапта CRISPR-Cas9 гендік өңдеу технологиясы мен ұрықтанған жібек құртының жұмыртқаларына жүздеген мың микроинъекциялардың комбинациясын пайдаланды. Сондай-ақ, зерттеушілер жібек құртының бездеріндегі ақуыздармен дұрыс әрекеттесуі үшін жібектің трансгендік ақуыздарын генді түрлендіру әдісімен «локализациялады» (оқшаулады), бұл жайт өз кезегінде талшықтардың дұрыс иірілуін қамтамасыз етті. Ғалымдар өрмекші жібегін қоршаған ортаға зиянды микропластиктерді бөлетін және көбінесе атмосфераға парникті газдар бөлетін қазба отындарынан жасалған синтетикалық талшықтарға нақты балама ретінде ұсынып отыр. Осы уақытқа дейін зерттеушілер жеткілікті деңгейде берік және тұрақты материал жасай алмаған еді.

0 пікір
Мұрағат