Сарапшылар Үндістандағы исламофобиялық идеологияның ауқымына баға берді
Сарапшылар Үндістандағы исламофобиялық идеологияның ауқымына баға берді
10 ай бұрын 1156 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2023 жылдың бірінші жарты жылдығында Үндістандағы исламофобиялық мәлімдемелер мен ұр да жық ұранға толы сөздер жиілігі күніне 1-ден, яғни, бір күннің ауқымынан асқан. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Al Jazeera ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай сорақылық елдің барлық дерлік штаттарында сайлау қарсаңында байқалғанын алға тартып отыр.  Уашингтон қаласында орналасқан Human Rights құқық қорғау ұйымының сарапшылары. 2023 жылдың бірінші жарты жылдығында күллі Үндістан бойынша 255 исламофобиялық мәлімдеме жасалған. Исламофобиялық сарындағы мәлімдемелердің 70%-ға жуығы 2023 және 2024 жылдары сайлау өтетін және билік басындағы ​​ұлтшыл Бхаратия Жаната партиясының саяси салмағы басым штаттарда орын алған. Исламофобиялық мәлімдемелердің ең көп жиілігі Махараштра, Карнатака, Мадхия-Прадеш, Ражастан және Гүжаратта тіркелген.

0 пікір
Мұрағат