|
Neuralink имплантын алғаш рет адамға сынап көруге рұқсат етілді. Ол реципиенттің бас сүйегінің бір бөлігін алмастырады (видео)
|
Neuralink имплантын 2022 жылы FDA-ға берген бірінші өтініші литий батареясының қауіпсіздігіне байланысты қабылданбады. Neuralink ми-компьютер интерфейсін адамға алғаш рет сынап көру үшін Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) тарапынан рұқсат алғанын хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Neuralink N1 имплантаты реципиенттың (сынаққа қатысушы адамның) бас сүйегінің бір бөлігін алмастыра отырып, толығымен тері астына орналасады. Белгілі бір нүктелерде ми тініне енгізілген 64 кішкентай икемді ине зондтарын қолдана отырып, ол ми мен компьютер чипі арасындағы екі жақты байланыстың 1024 арнасын қамтамасыз етеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Саудия жұмыс істеуге рұқсат беру ережесін өзгерте отырып, бизнес пен шетелдік жұмысшыларға жаңа визалық шектеулер енгізеді
■
Ислам тарихының цифрлы атласы жасалды
■
Жасанды зердемен жабдықталған бақылау камерасынан қорғайтын түрлі түсті көйлек тігілді
■
Мұсылман елі шетелдік студенттерден жылына 5 млрд доллар пайда көріп отыр
■
Қытай технологияның дамуына байланысты көмірдің экономикалық құндылығын 700%-ға көтерді