Шылымқорлықтан жыл сайын 8 млн адам көз жұмады
Шылымқорлықтан жыл сайын 8 млн адам көз жұмады
11 ай бұрын 513 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Шылым шегу салдарынан жыл сайын күллі әлем бойынша 8 млн адам бақилық болады. Осыған қарамастан әлем елдері темекі өнімдерінің өндірісіне қаржылай қолдау көрсетіп келеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңалықтар қызметіне жөн сілтеген forbes.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мамыр айының 31-і күні – Бүкіл әлемдік темекідан адам күні ретінде аталып өтеді. Жыл сайын жат әдетке қарсы күрестің маңыздылығын еске түсіретін бұл атаулы күннің қарсаңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы темекі өнімдерін өндіретін фермерлердің мүддесін қызғыштай қоритын темекі өнеркәсібінің фермерлерді «қарыз құлдығына» түсіретінін әшкереледі. Бұдан бөлек, темекі өнімдерінің экономикалық пайдасын асыра көрсету арқылы жат әдетке тосқауыл қоятынын да атап өткен.  ДДСҰ сарапшыларының атап өтуінше, темекі өнімдері тек оны тұтынатындардың ғана денсаулығына зиян келтіріп қоймай, сонымен қатар, темекі өнерксібінде жұмыс істейтін бір миллионнан аса баланың өндіріс процесі барысында никотинмен уланатынын алға тартып отыр. Дүние жүзінде тоя тамақ ішпейтіндерді былай қойғанда 300 миллионнан астам адам азық-түлік тапшылығын тартып отыр. 120-дан астам елде 3 миллион гектардан астам жер темекі өсіру үшін пайдаланылады, тіпті, адамдары аштыққа ұшыраған елдерде де. Осы уақытқа дейін темекі өндірісі негізінен Азия мен Оңтүстік Америка құрлығына ғана тиесілі деп есептеліп келген еді. Дәлірегі, әлемдегі темекі өнеркәсібінің 55 пайызы Бразилия, Қытай және Үндістанға тиесілі. ДДҰ есебіне сәйкес темекі компаниялары жақында Африкадағы өндіріс мүмкіндіктерін зерттеді. Мәселен, 2005 жылдан бері Африка құрлығында темекі өсірілетін ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы 20 пайызға дерлік ұлғайса, бүкіл әлемде ол 15 пайыздан астам қысқарған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймағындағы жетекші темекі өсірушілерге Греция, Италия, Испания, Полша, Сербия және Түркия кіретінін алға тартып отыр. Бұл тарапта ДДҰ, Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) және Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасы (WFP) Кения мен Замбиядағы 5000 фермерге азық-түлік өндірісіне көшуге мүмкіндік беретін бастаманы қолдайды.

Ұқсас материалдар:

«Зерттеу: Шылмқорлық 56 ауру түріне шалдықтыру қаупін арттырады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/zertteu-shylmqorlyq-56-auru-turine-shaldyqtyru-qaupin-arttyrady-18653/#gsc.tab=0);

«Кеңінен тараған жат әдеттің ұрпаққа берілетін зардабы белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/keninen-taragan-jat-adettin-urpaqqa-beriletin-zardaby-belgili-boldy-17396/#gsc.tab=0);

«Шылым шегу дәуірі аяқталып келеді» (https://islam.kz/kk/news/arturli/shylym-shegu-dauiri-ayaqtalyp-keledi-14185/#gsc.tab=0);

«2025 жылға дейін елде шылым шегетін адам қалдырмауға бекінді» (https://islam.kz/kk/news/alem/2025-jylga-deiin-elde-shylym-shegetin-adam-qaldyrmauga-bekindi-7889/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат