Микропластиктердің бұлттың қалыптасу процесіне ықпал ететіні анықталды
Микропластиктердің бұлттың қалыптасу процесіне ықпал ететіні анықталды
21 күн бұрын 454 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар бұл бағыттағы зерттеу барысында атмосферадағы микропластикалық бөлшектердің мұздың түзілуі үшін ядро ретінде әрекет ете алатынын, осылайша климаттың өзгеруіне әсер ететінін анықтады. Бұл жпайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жаңалық өз кезегінде бұлт құрылымының қалай өзгеретінін және жауын-шашын қарқындылығын түсіндіруі мүмкін, өйткені, микропластикалық бөлшектердің шоғыры жауын тамшыларының майда болуына ықпал етеді. Микропластика бұлттардың жылуды шағылыстыру немесе ұстап тұру қабілетіне де әсер етуі мүмкін. Бұл құбылыс климат дағдарысы кезінде өте маңызды екенін ескеру керек, ал жарық пен басқа да факторлардың әсері мұздың түзілу қабілетіне әсер етеді. «Біз күн сайын қолданатын пластикалық заттардың толық циклі бұлттарының физикалық-оптикалық қасиеттерін өзгертуі мүмкін», - деп толықтырды зерттеушілер.

0 пікір
Мұрағат