Күн сәулесімен жүретін электрлі көлік құрастырылды (видео)
Күн сәулесімен жүретін электрлі көлік құрастырылды (видео)
1 сағат бұрын 43 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әуесқой блогер кәдімгі велосипед бөлшектерінен электрмен жүретін көлікк құрастырған. Ол жеңіл күн панелінің көмегімен 100 шақырымға дейінгі қашықтықты еңсере алады. Бұл жайында islam.kz порталы Supercar Blondie мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Саймон Серенсен есімді швед блогері құрастырған шағын электрокар тек күн сәулесінің есебінен қозғалады.

Негізгі техникалық сипатының ерекшелігі мен конструкциясы (құрылымы)

Жетек: Толық (әрбір дөңгелекте қуаты 1000 Вт қозғалтқыш орнатылған).

 Шасси: 25 миллиметрлік болат құбырлардан қолмен жасалған.

 Энергия жүйесі: Жалпы қуаты 300 Вт-тан тұратын үш күн панелі және 48 В-тық аккумулятор.

 Басқару: Маневрлік үшін Аккерман геометриясын пайдаланатын жеке жоба.

Жеңіл шанақ пен ауыр трансмиссиялық тораптардың жоқтығының арқасында автокөлік айнала алады және жоғары екпін алу динамикасына ие.

Күн бұлтты болса да жол жүруге арналған аккумулятормен жабдықталғанына қарамастан машинаның басты артықшылығы - оның желіден алдын ала зарядталмай жұмыс істеу қабілеті болып қала береді. Қалыпты режимде бір зарядпен шамамен 50 шақырымды артқа тастауға болады. Ал күн шуағын төккен кезде 100 шақырымға дейінгі қашықтықты еңсере алады. Қосымша ресурс - тағы батареясы бар.

 

0 пікір
Мұрағат