Жат әдеттің адам ғұмырын қаншалықты қысқартатыны қатысты тың зерттеу
Жат әдеттің адам ғұмырын қаншалықты қысқартатыны қатысты тың зерттеу
3 жыл бұрын 1595 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америкалық және канадалық ғалымдар бұл бағытта арнайы жүргізген зерттеу барысында анықтағандай, әр тартылған темекі данасы адам ғұмырын 5,5 минутқа қысқартады. Ал ұдайы шылым шегетіндер арасындағы бұл көрсеткіш орташа есеппен 4,7 жылды құраған, яғни, осынау жат әдетке бой алдырғандар осынша уақытқа бұрын өледі. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Өмір азаматтық үкіметінің орталығының келтірген дерегіне жөн сілтеген cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Десе де ғалымдар өздері келтіріп отырған зерттеу мәліметіне негізделген бұл көрсеткіштердің нақты емесін алға тартып отыр – шамамен айтылғанын жасырмайды. Ал АҚШ-тағы ауруларды бақылау әрі алдын алу жөніндегі мемлекеттік орталықтың мағлұматы бойынша шылым шегетіндер темекі тартпайтындарға қарағанда 13-14 жыл кем өмір сүреді. Мұның өзі де нақты көрсеткіш емес – орташа статистикалық дерекке негізделген. Аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен Оксфорд университетінің Ричард Пето есімді ғалым егде жасына дейін жат әдетті тастағандардың өз өмірін 10 ылға соза алатынын алға тартып отыр. 

Ұқсас материалдар: 

«Ширек ғасырдан кейін әлемде шылым шегетін адам қалмайды» (https://islam.kz/kk/news/alem/shirek-gasyrdan-keiin-alemde-shylym-shegetin-adam-qalmaidy-15035/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат