Азық тапшылығы: бадам қат өнімге айналады
Азық тапшылығы: бадам қат өнімге айналады
3 жыл бұрын 1841 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жаһандық жылыну мен климатөзгерісінен орын алып отырған аптап ыстық пен ұзаққа созылған құрғақшылық Калифорния аумағындағы бадам өніміне қауіп-қатер төндіруде. Ылғалды жақсы көретін бадам ағашы судың етіспеушілігінен құрып жатыр, осыған байланысты күллі әлем жүрек-қан тамырлары ауруының алдын алуға көмектесетін бадам тапшылығына ұшырайда, өйткені, әлемдік бадам өнімінің 80 пайызы Калифорнияға тиесілі әрі осы бадамнан жылына шамамен алты млн доллар пайда тауып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Associated Press ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. АҚШ ауыл шаруашылық министрлігі келтірген дерекке қарағанда, Калифорния аумағында өндірілетін бадам өндірісі 1995 жылдан бері 168 млн келіге дейін артқан, ал одан түсетін табыс өткен жылы (2020 ж.) 1,4 млрд долларға жеткен. Алайда, биылғы (2021 ж.) құрғақшылық бадам индустриясына орасан зор залал келтіріп, күйретудің алдында тұр. Нақтырақ әрі тарқатып айтсақ, бадам өсірумен айналысатын фермерлер бадам өсетін плантацияларды қысқартып жатыр, суғаруға қажетті суға кететін ақша судың қымбаттауына байланысты жетіспейді. Калифорния 2021-2016 жылдары орын алған құрғақшылықтан әлемде бадам бағасы шарықтап кеткен болатын, фермерлер сумен жабдықтау жүйесі сенімді аймақтарда жаңа плантациялар ашуға мәжбүр болған еді сол кезде. Калифорния құрғақшылыққа байланысты судың 88 пайызынан айырылып қалған еді. Құрғақшылық тек бадамға ғана емес, сонымен қатар, жаңғақ, какао, соя, т.б. өнімдер тапшылығын тудырады. Индонезия мен Малайзиядағы су тапшылығынан, сондай-ақ, Бразилиядағы кофе мен шоколад өнімдерінің экспортына тыйым салуы әлемде аталған өнімдердің тапшылығын тудырады.

0 пікір
Мұрағат