Жасанды түсік жасатқаны үшін түрмеге қамайтын 10 ел
Жасанды түсік жасатқаны үшін түрмеге қамайтын 10 ел
8 жыл бұрын 5336 stan.kz

2014 жылы Қазақстанда ресми түрде 83 мың болашақ ана жасанды түсік жасатқан. Құрсақтағы сәбиінен өздігінен арылғандар қаншама?! «Дені сау Азия» қорының директоры Нағима Плохихтің сөзінше, жыл сайын Қазақстанда жасанды түсік жасататындар саны артпаса, кемімей отыр. Зерттеу нәтижелері қазақстандық азаматшалардың 80%-ының түсік жасатқанын көрсетті.

Нагимы Плохихтің сөзінше, тіпті, Ұлы Отан соғысы уақытында дәрігерлер болашақ аналарды түсік жасатпауға көндіруге тырысқан. Ол аталмыш тәжірибені бүгінгі Қазақстанда да қолдану керек деп есептейді.

Назарларыңызға аборт жасатқаны үшін абақтыға жабатын елдер тізімін ұсынамыз

Сальвадор

25136319-464f-43d6-9114-34a57919920c

Сальвадорда 1998 жылдан бастап түсік жасатуға тыйым салынған. Тіпті, зорлық-зомбылықтың салдарынан жүкті болып қалған әйелге түсік жасатуға рұқсат етілмеген. Бұл үшін азаматшалар 2 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сальвадор консервативті партиясы аборт жасатқан қыз-келіншектерді 50 жылға дейін абақтыға қамау туралы ұсыныс жасаған.

Мысыр

39d55b03-ee3b-42a2-86b2-352bc8f3d25d

Мысыр елінде аборт жасату — қылмыстық жазаға тартылатын қылмысү. Түсік жасатқан әйел үш жыл көлемінде түрмеге қамалса, оны жасағанн дәрігер, мейірбике мен акушерлер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ирландия

79a9e91d-4956-46b1-9f1d-9709ce6b6e85

Аталмыш елде түсік жасату кісіге жасалған қастандықпен тең. Қылмыстық акттің 58 және 59 баптары бойынша жүктілігін орта жолдан жасанды түрде үзген азаматшалар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Чили

834d4639-25db-4449-97ad-3a503289e57c

Чили елінде жасанды түсік жасату әйелге қатысты зорлау күшін қолданумен пара-пар. Әйелдің келісімемен түсік жасаған тұлға да қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Аборт жасату үшін қажетті орынмен қамтамасыз еткен немесе басқа да көмек көрсеткен жандар 541 күннен үш жылға дейін сотталуы мүмкін.

Венесуэла

f9178fed-b958-48bc-9fa1-0da73b236ce0

Венесуэла елінлде тек өміріне қауіп төніп тұрған әйелдің ғана жасанды түсік жасатуға құқығы бар. Ал өздігінен бұл қадамға барған әйелдер алты айдан екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал аборт жасаған дәрігер немесе басқа да тұлғалар бір жылдан үш жылға дейін түрмеге қамалады.

Парагвай

daf545e3-958e-4443-b8b8-0d12b21183d1

Парагвай заңдары бойынша да ананың денсаулығына қауіп төнген жағдайда жасанды түсік жасатуға рұқсат етіледі. Басқа кез келген жағдайда аборт қылмыстық іс болып табылады. Өткен жылы, денсаулық сақтау министрлігі зорланған он жастағы қызға да жасанды түсік жасатуға тыйым салған.

Никарагуа

86221481-b4b4-43e8-9a87-713f1a5a20d2

Никарагуада кез келген жағдайда түсік жасату қылмыс болып табылады. 2003 жылы зорланған тоғыз жасар Роза есімді қыз жүкті болып қалған. Жеке меншік ауруханада түсік жасатқаннан кейін Никарагуа денсаулық сақтау министрі Люсия Сальво аталмыш оқиғаны қылмысқа теңеп, түсік жасату рәсіміне қатысқан тұлғалардың үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Филиппин

16abe1ad-48ab-46c8-84a6-899aabfd3dff

Филиппины елінде де жасанды түсік жасату заңмен қудаланады. Католиктік шіркеулер аборт жасатуға қарсы. Ал филиппины католиктік ел саналады.

Колумбия

bc37f2ab-6423-4c8e-95bb-7799edf1084e

Колумбияда ананың өміріне қауіп төнсе, жүктілік зорлықтың салдарынан орын алса және ұрықтың өзгергені дәлелденсе, аборт жасатуға рұқсат берілген. Өзге жағдайларда аборт жасату қылмыс болып саналады. “Жүйті әйел абортқа емес, қолдауға зәру”, — дейді шіркеудегі дін қызметкерлері.

Иран

b44baf7f-93b3-428f-81ee-4ab5ffd52aff

Иран — БҰҰ-ның әйелдер құқығын қорғау туралы конвенциясына қол қоймаған ірі мұсылман елі болып табылады. Жасанды түсік жасату бұл елде діни себептерге байланысты рұқсат етілмеген. Заң бойынша жүктілігін орта жолдан тоқтатқан әйелдер абақтыға қамалады.

1 пікір
Мұрағат