Кәрі құрлықта 40 жыл ішінде 600 млн құс жойылған
Кәрі құрлықта 40 жыл ішінде 600 млн құс жойылған
2 жыл бұрын 1351 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

1980-ші жылдардан бастап, Еуроодақ пен Ұлыбритания аумағында әрбір алтыншы құс жойылып кеткен, яғни, 600 млн құс опат болған. Ұя басатын құстардың жалпы саны 19%-ға кеміген. Бұған пестицид пен урбанизация себеп болған. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ең көп опат болғаны - шымшық пен торғай, олардың популяциясы екі есеге азайған, дәлірегі, 247 млн шымшық пен торғай құрып кеткен. Сары құйрық құстың 97 млн-ы жойылған, 75 млн – сауысқан, 68 млн – тырна. Есесіне жыртқыш құстардың 11 түрі, қараторғай, қара қарға, кептер, т.б. құс түрлері көбейген. Бұған тыңайтқыштарды абайлап қолдану, соның ішінде пестицидті шектеу және табиғатты қорғау бағдарламалары себеп болған. Бұл тараптағы зерттеу барысында ғалымдар кәрі құрлықта тіршілік ететін 445 құстың 378 түрін зерделеген болатын. Израилдік ғалымдар соңғы 50 жылда құстардың 20%-ы жоғалып кеткенін алға тартып отыр. Бүгінде әлем бойынша шамамен 50 млрд жабайы құс тіршілік етеді – адамзат санына шаққанда алты есе көп. Олар құстардың 9,7 мың түріне жатады.

Ұқсас материалдар:

«Жыл сайын елімізде 50 мың жыртқыш құс опат болады. Бір ғана себептен...» (https://islam.kz/kk/news/qazaqstan/jyl-saiyn-elimizde-50-myn-jyrtqysh-qus-opat-bolady-bir-gana-sebepten-15893/#gsc.tab=0);

«Елімізде құстардың 150 түрі жойылып кетуі мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/elimizde-qustardyn-150-turi-joiylyp-ketui-mumkin-14703/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат