Жануарлар әлемі: Аргентиналық құтқарушылар қайырлап қалған китті суға қайтарды (видео)
Жануарлар әлемі: Аргентиналық құтқарушылар қайырлап қалған китті суға қайтарды (видео)
8 жыл бұрын 4722 24.kz tengrinews.kz Lenta.ru фото: rybnadzor.com

Аргентиналық құтқарушылар теңіздің ең алып сүтқоректі жануарын терең суға қайтарды. Ол Мар-дель-Тую қаласының жағалауына бір күн бұрын шығып, қайырлап қалған. Шамамен 10 тонна тартатын су жануарын суға қайта жіберу үшін құтқарушылар трос байлап үлкен қайықпен сүйрепті. Ондаған адам жағалауда тұрып жәрдем берген. Жалпы, Оңтүстік Америка жағалауларында мұндай жағдай жиі болып тұрады. Бірақ, оның барлығында да алып киттерді суға қайтару мүмкін бола бермейді.

Калифорниялық серфер китпен соғысып қалды (видео)

Тақтамен суда жүзіп келе жатқан Калифорния тұрғынының жанынан кит секіріп шыққан. Видеожазбаны Вивиана Гузман (Viviana Guzman) есімді қолданушы өзінің YouTube парақшасына жариялаған. Айта кетейік, ролик бес күннің ішінде 115 мыңнан аса көрілім жинады. Видеодан Гурманның табиғат көрінісін түсіріп келе жатып, тақтаны ескектің көмегімен басқарып келе жатқаны көрінеді. "Бірде кит су астынан атып шығып, қайтадан дәл менің алдымда суға сүңгіп кетті", - деп жазды Гузман. Қуанышқа орай, қыз сол кезде тақтайды басқара алып, аман қалыпты.

 

0 пікір
Мұрағат