Исламофобтан иттей болып таяқ жеген босқын (ВИДЕО)
Исламофобтан иттей болып таяқ жеген босқын (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 2632

Швецияда сириялық босқын автобус жүргізушісінен таяқ жеді. Нәсілдік кемсітушілікке жол берген исламофобты фото-суретке түсіріп алмақ болғаны үшін. Бұл жайында «Лайф» ақпарат көзі хабар таратты. Аталған басылымның мәліметіне қарағанда, қоғамдық көлік жүргізушісі сириялық босқын автобусқа кіре бергенінде есікті тарс жапқан. Осынау келеңсіздікке куә болған Мұхаммед есімді Сирия азаматының айтуынша, көлік жүргізушісі осымен бір емес, бірнеше рет босқындарды кемсітіп, автобусқа отырғызбауға тырысып келген. Көлік жүргізушісінің бірнеше рет қайталанған  көрінеу көзге нәсілдік кемсітушілікке толы әрекетіне шыдамаған сириялық босқын қалта телефонына жармасқан. Суретке түсіріп, жариялау үшін. Сириялық босқынның бұл әрекетіне қатты ашуланған "Nobina» автобус компаниясының қызметшісі сириялық босқынды бас-көз демей төпелеп, соққының астына алған. Оқиғаны басқа куәгер таспаға тартып алған. «Nobina» компаниясының басшылығы артынан кешірім сұрап, нәсілшіл көлік жүргізушісін жұмыстан қуды. 

 

0 пікір
Мұрағат