Жәндіктен тұңғыш рет минералды «бронежилет» табылды
Жәндіктен тұңғыш рет минералды «бронежилет» табылды
2 ай бұрын 1055 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапырақ кеміретін құмырсқа түрлерінің бірі биоминералдарды пайдалана отырып, экзоқаңқа өсіруге қабілетті болып шықты. Әлемде мұндай қабілетке ие, мұндай құрылымға ие жәндік тұңғыш рет табылып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік ғылыми мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жәндіктер ғалымдарды әлі күнге таңқалдырумен келеді – өзгеше дене бітімімен және құрылымымен. Биологтар осы жолы биоминералды жилетке ие құмырсқа түрін тапты. Жәндіктер арасында «брондалған» түрдің де болатынын осы жолы білді. Табиғатта биоминералды брон лобстер секілді шаян тәрізділерде кездеседі Бұдан бөлек, өзге де теңіз жануарлары арасынан теңізде тіршілік ететін теңіз кірпілерінің масақтарының құрамында кальция карбонаты бар. Ал жәндіктер арасынан мұндай экзоқаңқасы барлар байқалмаған еді осы уақытқа дейін. Бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізген ғалымдар құмырсқаның Acromyrmex echinatior түрі мен аталған жәндіктің түрлі қауіп-қатерге, соның ішінде ауруларға төтеп беруіне көмектесетін антибиотик істеп шығаратын бактерия арасындағы байланысты зерделеген болатын. Осы зерттеу барысында ғалымдардың назары кей құмырсқалардың денесіндегі ақтаңдақтарға ауған еді. Құмырсқаның денесін қаптаған қабықшаны зерттей келе оның құрамында магниясы көп кальцитті биоминералдан тұратынына көз жеткізген болатын. Таза кальцит —кальция карбонаты — сынуға бейім тұратындықтан оны берік ету үшін магния карбонатымен араластырып жатады. Десе де жәндікке мұндай брондалған материал не үшін керек болды? Ғалымдардың топшылауынша, осы жәндіктің ғылымда Atta cephalotes деп аталатын өзге түрімен жиі соғысатындықтан қақтығыс кезінде соққыларға төтеп беруіне көмектеседі. Яғни, биоменаралды-бронды қаптама бірыңғайда қалқан ретінде қызмет атқаруы мүмкін. Бұдан бөлек, мұндай экзоқаңқа жәндікті қауіпті паразиттен, атап айтқанда, патогенді Metarhizium anisopliae саңырауқұлағынан сақтауы да ықтимал.

0 пікір
Мұрағат