Зайыбына немесе күйеуіне исламды насихаттап, мұсылман етуге талпыныс жасауды қылмыс ретінде танитын заң қабылданды
Зайыбына немесе күйеуіне исламды насихаттап, мұсылман етуге талпыныс жасауды қылмыс ретінде танитын заң қабылданды
3 жыл бұрын 5247 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Үнділердің билік басындағы партиясы елдің халқы тығыз орналасқан Уттар-Прадеш штатында «неке арқылы дінге кіргізуді» қылмыстық іске жатқызуды қарастыратын заң жобасы қабылданды. Ендігі жерде аталмыш заң талаптарына сәйкес наным-сенімдері бөлек күйеу жігіт пен оның қалыңдығы үйленетіндерін екі ай бұрын округтық сотқа хабарлауы тиіс әрі окургтық сот мақұлдаған жағдайда ғана олар ерлі-зайыпты атана алады.  Сондай-ақ, аталған заң талаптары бойынша ерлі-зайыптылар бір-біріне өз дінін насихаттап, қабылдатқызуға талпыныс жасаса, ол он жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Бұл жайында islam.kz порталы AP News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Осылайша исламофобияға бой алдырған үнділердің ұлтшыл билігі индус қалыңдықтардың исламды қабылдауына тосқауыл қойғысы келеді. Бүгінде үнді соттарында туыстары тарапынан мұсылманға ұзатылған қыздарының діни сеніміне қатысты шағымдар көбейіп кеткен.

Иллюстративное фото

0 пікір
Мұрағат