|
Араларға заңды құқық берілді...
|
Әлемдегі ең ірі жунгли (ит тұмсығы батпайтын қалың жыныс) Аманозияда аралар популяциясы күрт кеміп кеткен. Осыны ескерген немесе осы апаттың экологиялық және экономикалық салдарын сараптаған Перу билігі орман-тоғайды қалпына келтіру және пестицидке бақылауды күшейту бағытында қатаң шараларға баруға мәжбүр етіп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы ECO News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған аймақта аралардың азаюы сын көтермейтін халге жеткен. Перу билігінің ұйғарымы бойынша аралар бұдын былай ел аумағында ресми деңгейде құқық субъектілері болып танылды (Meliponini). Енді Амазонияның кішкентай тозаңдатқыштарының құқығы сотта қорғалатын болады. Табиғи ресурстан құқығы бар субьектіге айналған аралар популяциясын құрып кетуден сақтау үшін Сатипо және Наута муниципалитеттері жәндіктерге арналған хартия есебіндегі қаулыларды қабылдады.
• Табиғи, таза ортада аралардың өсіп-өркендеуін және сақталуын қамтамасыз ету.
• Тұрақты климат және өзінің табиғи циклдерін қалпына келтіру.
• Заңгерлік өкілдік: орманды отау немесе пестицидтермен келтірілген кез келген әрекет жәндіктерге зиянды болғандықтан аралар атынан сотқа шағымдану мүмкіндігі пайда болды. Перу соттары енді осынау биологиялық түрге және орман экожүйесіне келтірілген залалды адам шығынын бағалаумен шектелмей, дербес қылмыс ретінде қарауға міндетті. Роза Уаскес Еспиноса есімді биолог-химик осы аралардың балын зерттеп, онда бактерияға қарсы және қабынуға қарсы қасиеттері күшті жүздеген молекулаларды тапты. Бұл жаңалық өз кезегінде үндістердің бірегей өнімнің шипалық қасиеті туралы сан ғасырлық білімін растады. Жергілікті тайпалар үшін бұл жәндіктер - жай ғана фауна емес, ежелгі білім мен ілімді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін тіршілік иесі саналады. Алайда, бүгінде Амазония өсімдіктеріне (какао мен кофені қоса алғанда) 80% жауапты бірегей тозаңдатқыштар агрохимия мен климаттық дағдарыс салдарынан қауіп төніп тұр.
Бал араларының құқықтарын танудың заңнамалық процедурасы билікке нақты міндеттемелер жүктейді:
1, Ормандарды қалпына келтіру: флораның тозған учаскелерін міндетті түрде қалпына келтіру.
2, Химиялық бақылау: мекендеу аймақтарында, яғни, тіршілік ететін ортасында гербицидтер мен пестицидтерді пайдалануға қатаң шектеулер енгізу.
3, Вето құқығы: байырғы қауымдар аралардың аман қалуына қауіп төндіретін жолдар немесе плантациялар құрылысын бұғаттауға мүмкіндік беретін заңды құралға айналады.