Иранға санкциядан да, соғыстан да қатерлі қауіп төнді
Иранға санкциядан да, соғыстан да қатерлі қауіп төнді
2 сағат бұрын 42
АҚШ Иранның белін санкциямен сындыра алмай, соғыспен тізесін бүктіре алмай, енді елде қолдан аштық жасауға кірісті. Иранның 93 млн халықын аштан қырмақшы. АҚШ осы екі апталық соғыс қимылдарын тоқтату кезінде Ормуз бұғазына әскери кемелерін кіргізіп алды. Енді Иранға ештеңе кіргіздірмей де, Ираннан ештеңе шығартпай да, бәрін бұғаттап отыр. Бұл елді аштыққа алып келеді. Негізі Иранда аштық болсын деп әдейі істеп отыр. Бұл дипломатия да емес, санкцияда емес, соғыс та емес, бұл – қолдан аштық жасау.
2026-ж. 18-наурызда ең тарихи, резонансты оқиғалардың бірі болды. Израиль әскери-әуе күштері Иранның Каспий жағалауындағы Бандар-Анзали портын бомбалап тастады. Ол порт арқылы Иран Ресеймен, Орта Азиямен қатынас жасайтын. Енді Ормуз арқылы да ештеңе кіргіздіртпей екі жақты қысым жасап отыр. Бұл аштыққа әкелетін жағдай. Халықаралық құқық тілінде бұл «бейбіт халықты ұжымдық жазалау» (Коллективное наказание мирного населения. Collective punishment of the civilian population) деп аталады. Дәл қазір АҚШ аштықты қару ретінда пайдаланып отыр. Иран халқын жойып жіберу үшін геноцидтік ашаршылыққа әкеле жатыр. Бұл – қылмыстың ең жоғары деңгейі. Женева конвенциясы мұндай шараға тыйым салады. Бірақ, АҚШ халықаралық құқық нормаларын бұған дейін де мың мәрте бұзған, қазір де бұзып отыр. Бірақ, адам баласының өмір сүру құқы бәрінен биік болуы тиіс.
Осындай қиын шақта Иран халқына сарқылмас төзім мен асқақ рух тілеймін! Ашаршылық беті аулақ болып, тезірек бейбітшілік орнасын!
 
Aitkul Kulmaganbetova-ның Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасынан
0 пікір
Мұрағат