Әлемдегі құмырсқалар саны белгілі болды – зерттеу
Әлемдегі құмырсқалар саны белгілі болды – зерттеу
2 жыл бұрын 1302 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бұл тараптағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, аталған жәндіктер саны тек саны жағынан ғана емес, сонымен қатар, жалпы салмағымен құстар мен сүтқоректілер сияқты барлық басқа жануарлардың жалпы массасынан айтарлықтай асып түседі. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Proceedings of the National Academy of Sciences мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар жер бетінде қазіргі уақытта қанша құмырсқа барын білмек болып, арнайы зерттеу жүргізіп көрген екен. Гонконг университетінің ғалымдары аталған жәндіктерге қатысты 489 зерттеу деректерін жан-жақты талдап, жер бетіндегі құмырсқалардың жалпы массасы шамамен 20 квадриллион жеке құмырсқалардан тұрады деген қорытындыға келген. Бұл таңқаларлық сан - 20 000 000 000 000 000 немесе 20 000 триллион; ғалымдар жәндіктердің жаппай қырылуы экожүйеге теріс әсерін тигізеді деп алаңдап келген еді. Басқаша айтқанда: егер барлық құмырсқаларды бір жерге жинап, таразыға қойса, олар барлық жабайы құстар мен сүтқоректілерден басым түседі, яғни, күллі сүтқоректі мен құстар салмағынан ауыр тартады.  Бұл тараптағы зерттеуге жетекшілік еткен, қазіргі уақытта Германиядағы Вюрцбург университетінде жұмыс істейтін Патрик Шултейс 20 квадриллион құмырсқаның қанша аумақты алатынын адам баласы екенін елестете алмаймайтынын алға тартады.

0 пікір
Мұрағат