Ет құрамында қанша микроб барын анықтайтын датчик әзірленді
Ет құрамында қанша микроб барын анықтайтын датчик әзірленді
12 күн бұрын 551 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Израилдіктер ет кесегінде қанша микроб барын білуге мүмкіндік беретін стартап әзірледі. Қазіргі уақытта бұл құрылғыны Америка құрама штаттарында және Израилдің аса ірі кәсіпорындарының бірінде сынақтан өткізілуде. Бұл жайында islam.kz порталы NoCamels ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Егер датчик-жапсырма түсін өзгертсе, ет құрамында микробтар барынан хабар береді. Аталмыш стартап төрт жыл бұрын Ашкелонда құрылған және BioTip деп аталады. Еттің бүлінгенін немесе бүлінбегенін анықтайтын сенсор жапсырма түрінде берілген. Оның түсі бойынша өнімнің тұтынуға жарамдылығын анықтауға болады. Ғалымдар жыл сайын жүздеген мың адамның бүлінген тағамнан, атап айтқанда, мерзімі қаптамада көрсетілгеннен ерте бұзылатын еттің кесірінен тамақтан уланатынын атап өтті. Сенсор астан улану көрсеткішін азайтуға көмектеседі. Өнімде тым көп бактерия болған кезде жапсырма түсін көктен мөлдірге және жасылдан сарыға өзгертеді. Израилдік мамандар бұл құрылғыны сәл жетілдірмек: жапсырма тұтынушыға өнімнің мерзімі өтіп бара жатқанын, дәлірегі, жеуге жарамсыз күйге енуіне аз қалғанынан хабар беретіндей етіп жасамақ. Яғни, бүліну алдында тұрған өнімді көп ұзатпай тұтынуға кеңес беретін функцияны іске қоспақ.

0 пікір
Мұрағат