Ерекше таксидің алғашқы ұшуы (видео)
Ерекше таксидің алғашқы ұшуы (видео)
2 жыл бұрын 1195 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Электрмен ұшатын ұшақ лития-ион батареясын пайдаланады. Бұл жайында islam.kz порталы interestingengineering.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытайдың eVTOL Pantuo Aviation өндірісі бойынша стартапы өткен жылы ауа өткізгіші бар, өзгеше, ұшатын такси концепциясын - Pantala Concept H жұртшылық назарына ұсынған еді. Биыл Pantala Concept H технологиясының мүмкіндіктерін паш ететін видео пайда болды. T1 - Pantuo Aviation өткен жылы сағатына 300 шақырым жылдамдықпен ұшатынын жариялаған 1/2 масштабты Concept H демонстраторы. Бұл ретте оның ұшу қашықтығы 250 шақырымды құрайды. Толық ауқымды толық электрлі ұшақ литий-ионды аккумуляторларды пайдаланады және ашық роторлардан гөрі 22 үлкен диаметрлі электр түтіктері бар желдеткіштермен жабдықталған. Pantuo Aviation компаниясы өкілінің айтуынша, T1 үшін басты мақсат - тандемдік орналасу мүмкіндігін және бөлінген қуат қондырғысының конфигурациясы бар арналы қанаттың мүмкіндігін сынау.

0 пікір
Мұрағат