Шетел агенттерін бақылау туралы заң қаблылданды
Шетел агенттерін бақылау туралы заң қаблылданды
2 жыл бұрын 830 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының мемлекеттік думасы шетелдік агенттер туралы заңнама нормаларын жинақтайтын және олардың қызметін бақылауға мүмкіндік беретін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш жоба авторларының айтуынша, қолданыстағы заңнамада шетелдік агенттерге қатысты әртүрлі ереже бар. Құжатта олар «саяси қайраткер», «шетелдік дереккөз», «шетел агенті» және «шетелдік ықпал» сияқты ұғымдарды нақтылайды. Бұл тараптағы бастамаға сәйкес шетел агенті ретінде азаматтығы бар кез келген жекелеген тұлға, ресейлік немесе шетелдік заңды тұлға, сондай-ақ, қызметі шетелден қаржыландырылатын, шетел ықпалындағы және Ресейдің әскери-техника саласындағы мағлұматтарды мақсатты түрде жинайтын немесе саяси қызметті жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктер мен шетелдік құрылымдар танылады. Сонымен қатар, қолданыстағы төрт агенттің орнына шетелдік агенттердің бірыңғай тізілімін енгізу ұсынылып отыр. Оған енгізу және алып тастау тәртібі де заң жобасында айқындалады.

Ұқсас материалдар:

«Тіркелген діни ұйымдар шетел агенті ретінде танылмайтын болды» (https://islam.kz/kk/news/alem/tirkelgen-dini-uiymdar-shetel-agenti-retinde-tanylmaityn-boldy-16670/#gsc.tab=0);

«Өзге елден қаржыландырылатын ұйымдарда жұмыс істейтіндерді шетел агенті ретінде танитын заң қабылданды» (https://islam.kz/kk/news/alem/ozge-elden-qarjylandyrylatyn-uiymdarda-jumys-isteitinderdi-shetel-agenti-retinde-tanityn-zan-qabyldandy-14577/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат