Екі айда толығымен ыдырайтын, арпа мен қызылшадан тығыз «пластик» жасалды (фото)
Екі айда толығымен ыдырайтын, арпа мен қызылшадан тығыз «пластик» жасалды (фото)
21 күн бұрын 828 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Andreas Blennow

Биологиялық компоненттерден жасалған материал арнайы өңдеуге қажетті жағдайларды қажет етпейді және табиғи ортада толығымен ыдырайды. Бұл жайында islam.kz порталы news.ku.dk ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Копенгаген университетінің ғалымдары қант қызылшасының қалдықтарынан алынған талшықтармен араласқан арпа крахмалынан жасалған биологиялық ыдырайтын пластик жасап шығарды. Табиғи ортада небәрі екі ай ішінде толық ыдырайтын материал тағамды орауға немесе қаптауға арналған. Аталған инновациялық материал табиғи түрде ыдырайтын бірнеше түрлі заттардан тұратын биокомпозит деуге келеді. Оның негізгі ингредиенттері, яғни, қоспалары - амилоза мен целлюлоза көптеген өсімдіктерде кездеседі. Дания ғалымдары бұл тарапта дән мен дақылы таза амилоза беретін арпаның ерекше сортын жасап шығарған. Целлюлоза - барлық өсімдікте кездесетін көмірсу Ол, мәселен, тоқыма және қағаз өнеркәсібінде қолданылады. Ғалымдар жергілікті қант өнеркәсібінің қалдықтарынан жасалған наноцеллюлозаны пайдаланды. Зығыр мен мақта талшықтарынан мың есе жұқа бұл наноталшықтар материалдың механикалық беріктігін қамтамасыз етеді. Жаңа биоматериал не шикізатты суда еріту және араластыру, не қысыммен қыздыру арқылы өндіріледі. Бұл кішігірім «түйіршіктер» немесе чиптерді қалыптастырады, оларды өңдеуге және қажетті пішінге сығуға болады

 

0 пікір
Мұрағат