Әлем бойынша, осы уақытқа дейін күн батареялары орналастырылған жер көлемі бірнеше миллион адамды азықпен қамтамасыз етуге болатын аумаққа жетті
Әлем бойынша, осы уақытқа дейін күн батареялары орналастырылған жер көлемі бірнеше миллион адамды азықпен қамтамасыз етуге болатын аумаққа жетті
21 күн бұрын 835 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2018 жылы күн батареялары бүкіл әлем бойынша 1300 шаршы шақырымнан астам егістік алқапты қамтыды. Бұл аймақта жылына төрт мың млрд килокалориялы азық өсіруге болады. Бұл  жайында islam.kz порталы Research Square мерзіді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Күн батареялары мен жаһандық азық-түлік арасындағы байланысты Шыжиан университетінің (Қытай) Сиао Бу бастаған бір топ ғалымдары зерттеді. Бұл тараптағы зерттеу барысында спутниктік деректер қолданылды: орнатылған панелдердің 27%-ы егістік өсіруге арналған алқаптарда орнатылғанын көрсетті. Мұнда өсірілген азық-түлік 4,3 миллион адамды бір жыл бойы тамақтандыруға мүмкіндік береді. Зерттеушілердің пікірінше, егер егістік алқаптарда күн батареяларын орнату үрдісі тоқтамаса, 2050 жылға қарай азық-түлік өндірісіндегі шығын 16 есеге жуық артуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат