Дронға қарсы лазерлік қару сынақтан өтіп жатыр (видео)
|

Бүгінде дрон ұрыс даласының тағдырын шешетін маңызды қарулардың бірегей түріне айналған. Бұл жайында islam.kz порталы engadget.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әскери және адам шығынын азайтуға мүмкіндік беретін мұндай озық қару түрлеріне тойтарыс беретін жүйенің маңыздылығы артқан. Сондай жүйелердің біріне – лазерлі қару жатады. Энергетикалық қондырғы нысананы анықтауға, оны бақылауға және дронды жою үшін лазерлік зеңбірекке деректерді жіберуге мүмкіндік беретін арнайы электро-оптикалық немесе инфрақызыл датчиктермен жабдықталған. Бүкіл процесс бірнеше секундты алады. Дрондардың шабуылына тойтарыс беру жүйесін Америка әуе күштері озық технологиялық лазерлік қаруды қолдана отырып, бір жыл бойы сынақтан өткізеді. Жаудың ұшқышсыз ұшу аппараттарына қарсы лазерлік қаруда Raytheon компаниясы әзірледі. Қондырғы электрді кәдімгі тұрмыстық 220 волттыұ розеткадан алады, бір зарядпен бірнеше ондаған атуды жүзеге асырады. Ал майдан ласында немесе ұрыс алаңында электрмен қамтамасыз ету жүйесі болмаған жағдайда зарядтау (қуаттау) генератор есебінен жүргізіледі.




