|
Иранда су астындағы дроннан ұшырылатын оқ-дәрі көрсетілді (видео)
|
Иран ислам республикасының қорғаныс министрлігі мен қарулы күштерінің қолдауымен су астындағы дроннан атылатын оқ-дәрінің жаңа видеосы жарияланды. Бұл жайында islam.kz порталы bulgarianmilitary.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Иран әскерилері мәлімдегендей, бұл дронның өзгелерінен айырмашылы – толық дербес жұмыс істей алады, яғни, толық автономды. Атылған соң оны адам қашықтан басқармайды, жау нысанасын өзі тауып жоя алады. Жасанды зерде технологиясымен жабдықталғандықтан радиобайланысты қажет етпейді. Осылайша радиотолқынды құмықтырып, әскери құрылғыны жарамсыз күйге түсіретін олқылықтан ада.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еуропа елі діни виза алғысы келетін имамдар мен пасторларға, раввиндерге 7 шартты қамтитын ереже қабылдады
■
Үш жылдан соң жаһандық ислам қаржы индустриясының активтері 10 трлн доллардан асады
■
Организмді жасартудың өзгеше тетігі табылды
■
Әлемдегі бір ел иттердің 11 түрін асырауға тыйым салды
■
Қасиетті қалада индонезиялықтардың өз ауылы болады