|
Денсаулыққа төнетін қатер соңғы 70 жылда түбегейлі өзгерген
|
Соңғы 70 жылда адамзат денсаулығына төнетіне басты қатері түбегейлі өзгерген. Бұл жайында islam.kz порталы Ресейдің білім беру академиясы президентінің орынбасары, Ресей ғылым академиясының академигі Геннадий Онищенконың мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сарапшының айтуынша, 1950-1960 жылдары өлім-жітім көбінесе инфекциялар мен түрлі жарақаттардан болған. Қазіргі көрініс басқаша: бірінші орынға созылмалы инфекциялық емес аурулар шықты. Бұл арада жүрек, қан тамырлары және онкология патологиялары турасында сөз болып отыр. «Бүгінгі таңда созылмалы жұқпалы емес аурулар 41 миллион адамның өмірін қиды, бұл көрсеткіш әлемдегі барлық өлім-жітімнің 70% -ын құрайды», - деп атап өтті ресейлік сарапшы. Келтірілген мәліметтерге сәйкес, жүрек-қан тамыры аурулары 17,9 млн адамның өліміне себеп болған. Онкология 9,3 млн адамның, ал созылмалы респираторлық аурулар тағы 4,1 млн адамның өмірін қиған. Осыған қарап инфекциялық аурулардың, яғни, жұқпалы індеттің қатері төмендед,і деп жаңсақ ұқпау керектігін жеткізді.