Еуропа еліндегі мешіттерге әр 5 күн сайын бір шабуыл жасалады
Еуропа еліндегі мешіттерге әр 5 күн сайын бір шабуыл жасалады
42 минут бұрын 25 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. фото brightonandhove.news. Писхевендегі мешіттің өртенген сәті

Соңғы жылы Ұлыбритания аумағындағы мешіттер жиі шабуылға ұшырайды, Исламофобтар тарапынан. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде The Independent ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Радикалдар тарапынан мешіттерге шабуыл жасау жиілігі – орташа есеппен әр бес күн сайын болады. Британ мұсылман қоры 2025 жылдың маусым айынан бастап 2026 жылдың маусымына дейін мұсылмандардың құлшылық орындарына 70 мәрте шабуыл жасалғанын хабарлады. Олардың ішінде Шығыс Сассекс графтығына қарайтын Писхевендегі мешітті өртеу әрекеті сияқты адамдардың өміріне қауіп төндіретін қақтығыстар, сондай-ақ, жұма намазы кезінде намаз залына доңыз етін лақтыру сияқты бұзақылық әрекеттер бар. Доңыз етімен байланысты оқиға қасиетті Рамазанның алғашқы аптасында, дәлірегі, ақпан айында Бристолде орын алды. Үкімет мешіттердегі қауіпсіздік шараларын күшейтуге уәде берді, алайда, уәде сөз жүзінде қалған. Аталған қордың атқарушы директоры Ақила Ахмет осылайша шағымданды. Бір қызығы, бұрындары басына шариғат шәлісін жамылған әйелдерге жиі шабуыл жасалатын еді, алайда, мұсылман әйелдердің басынан өткен келеңсіздікті аяқсыз қалдырмай, өз құқығын сот арқылы қорғауға көшкендіктен және ислами ұйымдар мен адам құқығы жөніндегі ұйымдардың дабыл қағуымен орамал тағынған қыз-келіншектерге шабуыл саябырсыды. Есесені радикалдар мешітті нысанаға алған.

0 пікір
Мұрағат