Бүгінде жарытып білім алмаған адамның алжу ауруына шалдығу қатерінің жоғары келетіні анықталды
Бүгінде жарытып білім алмаған адамның алжу ауруына шалдығу қатерінің жоғары келетіні анықталды
1 сағат бұрын 29 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америка құрама штаттарының Оңтүстік Калифорния, Браун жоғары оқу орындары мен Жонс Хопкинс университетінің бірлескен зерттеу тобы Оңтүстік Кореяны қоса алғанда, 14 ел мен өзге аймақтардағы 214 000 орта және егде жастағы (50+ жастағы) адамдардың арасында деменция дерті қаупінің факторларын талдады. Бұл жайында islam.kz порталы The Lancet Healthy Longevity халықаралық мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Бұл тараптағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, білім деңгейінің төмендігі Оңтүстік Кореяның орта және ересек жастағы тұрғындары арасында білім деңгейінің денсаулық үшін қаншалықты маңызды рөл ойнайтынын, дәлірегі, жеткілікті білім алмаудың гипертония немесе семіздіктің, сондай-ақ, деменция дерті қаупінің ең маңызды факторы екені анықталған. Бұл бағыттағы зерттеу барысында төмен білім үлгерімі, есту қабілетінің жоғалуы, гипертония, семіздік, темекі тарту, ішімдікке үйір болу, депрессия (күйзеліс), дене белсенділігінің төмендігі, диабет (сусамыр), әлеуметтік оқшаулану (жалғыздық) өз  кезегінде деменция дерті қаупінің факторлары ретінде алға шыққан. Мұндай қатер факторлары әр елде әрқалай көрініс тапқан. Қытайда қарттардың 85% -дан астамы АҚШ-та небәрі 12% -бен салыстырғанда білім деңгейі төмен санатқа жатады. Керісінше, АҚШ-та семіздік деңгейі 45% құрады - Үндістандағы 13% қарағанда үш еседен көп жоғары. Оңтүстік Корея да негізгі қауіп факторы ретінде білім берудің төмен деңгейін анықтады. Таңғы шық елі жоғары білімді қоғамға жылдам көшкенімен, қазіргі орта буын мен халықтың көпшілігі алғашқы жылдарында жеткілікті білім аалмаған ұрпаққа жатады.

0 пікір
Мұрағат