|
Обыр жасушалары өміршеңдігінің құпиясы ашылды
|
Сингапурдың молекула биологтары хроматинді талдаудың гибридті әдісін әзірледі: ол хромосомалардың ұштарындағы қорғаушы ақуыз желілерін егжей-тегжейлі картаға түсіруге және ісік жасушаларын үздіксіз бөлу тетігін анықтауға мүмкіндік берді. Бұл туралы Islam.kz порталы Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жасушалар ішіндегі генетикалық материал гендер белсенділігін реттейтін және геномды сыртқы зақымданудан қорғайтын хроматин деп аталатын құрылымға оралған. ДНҚ-ның жекелеген аймақтарын қосу және ажырату процестерін ақуыздардың күрделі көп компонентті кешендері басқарады. Осы уақытитқа дейін ғылыми қоғамдастық геномның нақты бір нүктесінде реттеушілердің өзара байланысты желісін көруге мүмкіндік бермей келген, яғни, бір мезгілде тек бір ақуыздан ғана анықтау жұмыстарын жүргізе отырып, хроматиннің құрылымын зерттей алған еді. Сингапур ұлттық университетіне қарасты онкология институтының мамандары хроматинді иммунопреципитациялау және сандық масса-спектрометрия әдістерін qChIP-MS бірыңғай хаттамасына біріктірді. Жаңа технология хромосомалардың таңдалған аймақтарын оқшаулауға және олармен байланысты барлық ақуыздардың толық құрамын, сондай-ақ, нақты шоғырлану деңгейін бір мезгілде анықтауға мүмкіндік береді. Нәтиженің сенімділігін арттыру үшін ғалымдар қосарлы химиялық бекіту жүйесін енгізді - ол кездейсоқ фондық молекулалардың тіркелуіне жол бермейді және эпигенетикада бұрыннан келе жатқан жалған оң деректер проблемасын шешті. Зерттеушілер жасалған аналитикалық құралдың жұмысын қартаюға жауап беретін хромосомалардың соңғы теломерлерінде тексеріп крді. Құрал ALT деп аталатын теломерлердің баламалы ұзарту процесінің ақуыз құрылымын ашуға көмектесті. Бұл тетік жасушалық желілерді бөлудің табиғи лимитін айналып өту үшін қатерлі ісіктердің белгілі бір түрлерімен пайдаланылады. Аномалды теломерлерде ақуыз желілерін картаға түсіру онкологиялық жасушалардың бөлінуін бұғаттайтын прецизионды дәрілік заттарды жасауға жол ашады